Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа e-Sport цифрлық платформасы іске қосылады
Жаңалықтар

Жаңа e-Sport цифрлық платформасы іске қосылады

03.10.2025
мин
0
360

Туризм және спорт министрлігі "Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы" (e-Sport) ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын атқарып жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқаратын болады.

Негізгі міндеттерге мыналар жатады:

спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілер мен әдіскерлердің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру;
спорттық біліктілікті және спорт ұйымдарына мүшелікті электрондық форматта растау;
спорттық-бұқаралық іс-шаралардың электрондық күнтізбесін жүргізу;
спорт нысандарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру;
мемлекеттік қызметтерді проактивті цифрлық форматқа көшіру.

— Пилоттық режимде спортшы, жаттықтырушы және төрешілердің электрондық паспорттарының, іс-шаралар күнтізбесінің, сондай-ақ спорт ғимараттары тізілімдерінің модульдері іске қосылды. Қазіргі уақытта спорт федерацияларымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүйені деректермен толықтыру және оның функционалын тестілеу жүргізілуде. Бүгінде платформада 83 федерация мен 50 ұйым жұмыс істеп жатыр, — делінген министрлік хабарламасында.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл