Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа монеталар айналымға шықты
Жаңалықтар

Жаңа монеталар айналымға шықты

21.08.2020
1 мин
3
1956

Ұлттық банк 200 теңге және 100 теңгелік "Qazaqstan halqy assambleiasy" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

Жаңа монеталар Қазақстан халқы Ассамблеясың 25 жылдығына орай шығарылып отыр.

"Qazaqstan halqy assambleiasy" монеталарының сипаттамасы

Монеталардың бет жағындағы (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында – ұлттық нақыштағы ою бейнеленген. Нейзильберден жасалған монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін "100 teńge" жазуы, ал мельхиордан жасалған монетаның астында "200 teńge" жазуы орналасқан.

Айналдыра "Qazaqstan ulttyq banki • National bank of Kazakhstan" деген жазбалар бар.

Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) күн сәулесінің аясында оқиғаның мерейтойлық күнін білдіретін "25" жазуы бар ою-өрнек картасы орналасқан. Кескіннің астында ассамблеяның құрылған жылы мен мерейтолық жылды және теңгенің соғылған жылын білдіретін "1995 • 2020" деген жазу бар. Төменгі бөлігінде – мемлекеттік ту элементі мен айналдыра "Qazaqstan halqy assambleiasy" және "Ассамблея народа Казахстана" деген жазбалар бейнеленеді.

Монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті. Елдегі барлық банктерде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
3 Пікір
А
Айзат 21.08.2020
Даулет мырза Акша озгеретини рас па
Жауап беру
Ж
Жанна 21.08.2020
Өте жақсы
Жауап беру
Г
Гаухар 21.08.2020
Оте жаксы
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл