Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі
Жаңалықтар

Жаңа оқу жылы қарсаңында жарты миллион оқушыға көмек көрсетіледі

31.07.2025
1 мин
5
637
Сурет: Dauletten.kz

2025–2026 оқу жылының қарсаңында елімізде әлеуметтік осал санаттағы оқушыларды мектепке дайындау мақсатында "Жалпыға бірдей білім беру" қоры аясында ауқымды қолдау жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрліктің мәліметінше, биыл 500 мыңнан астам балаға көмек көрсетілмек. Қор дәстүрлі түрде:

•  Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға,

•  Аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына,

•  Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға бағытталған.

Қаржылай көмек ата-аналардың есепшоттарына аударылады, бұл мектеп формасын, аяқ киімді және кеңсе тауарларын өз таңдауы бойынша сатып алуға мүмкіндік береді.

2025 жылы бір балаға бөлінетін ең төменгі көмек сомасы – 46 228 теңге.

- Оқу-ағарту министрлігі әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету бойынша ашық әрі ыңғайлы тетік қалыптастырды. Бұл қолдау бүгінде барлық өңірде іске асырылуда, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Қолдау шарасы жаңа оқу жылын толыққанды бастауда балаларға нақты көмек көрсетуді көздейді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
5 Пікір
М
Мадина 01.08.2025
Президентімізге мың алғыс!!! Көп көп рахмет!!! Өтте ризамын! Аллах разы болсын!!! Сизге!!! Дениңиз сау болсын! Өміріңіз узаааак болсын!!!
Жауап беру
Қ
Құпия болып қалсын 31.07.2025
Биыл қайта көп мектептерде бермей жатыр ғой.отказ деп шығарып салып жатыр
Жауап беру
Ж
Жұлдыз 31.07.2025
Сәлеметсіз бе табыс қаншадан аспау керек
Жауап беру
Г
Гаухар 31.07.2025
Неге доходка карайды сосын балдарды суретке тусыру керек осып калган балдар уяладыгой мен кумыс алка доходыма бермеды болмайдыгой олай
Жауап беру
Г
Гульмира 31.07.2025
Менің үш балам оқиды но почемуто екі балаға ғана берілді бәр жерде солаима
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл