Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа ТК құрылысы кезінде құрылысшыларға қандай талаптар қойылады?
Жаңалықтар

Жаңа ТК құрылысы кезінде құрылысшыларға қандай талаптар қойылады?

06.10.2021
1 мин
1
653

Тұрғын үй кешендерін салу кезінде «қадамдық қолжетімділік» қағидатын ескеру қажет, деп санайды елорда әкімі Алтай Көлгінов. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 

«Бізде әр ауданның өз объектілері болуы керек, яғни шағын аудандарды салған кезде бәрі жақын маңайда болуы керек. Үйіңіз бір жерде, мектеп басқа жерде, балабақша тіптен алыс, ал жұмыс мүлдем басқа жақта болмауы қажет. Міне, осындайда қадамдық қолжетімділік қажет. Жаңа шағын аудандарға бас жоспар бойынша осындай талаптар қоямыз — бір шағын ауданның өз мектебі, бағы, сауда нысандары, саябақтары мен скверлері, адамдар үшін қолайлы жағдайлары болуы керек. Қазір біз жоспарды түзетіп жатырмыз, сондықтан мектептерді шағын құрылыс орындарына орналастырамыз. Көріп отырсыздар, еуропалық қалалар тығыз орналасқан. Ал бізде тығыздық артып келеді. Халық саны 2 миллионға дейін көбейген кезде не болатынын ойлау керек. Бас жоспарда біз міндетті түрде әлеуметтік — мектеп, балабақша, емханаларды, нысандарды жекеменшік болса да қоямыз», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.

Әкім сондай-ақ елордалық ТК жанында паркинг болуы міндетті ме деген сұраққа жауап берді.

«Егер бұл жеке инвестициялар болса, онда паркинг бойынша міндеттемелер бар. Сонымен қатар, жайлылығы жоғары үйлерде тұрақ алаңы болуы керек. Бірақ қолжетімді тұрғын үй болған жағдайда, паркинг салатын болсақ, пәтер құнының қымбаттауына әкеліп, кезекте тұрғандарға қиындық әкеледі. Тіпті, әлеуметтік тұрғын үйлердің маңайына да автокөліктерге, қоғамдық кеңістіктерге және әлеуметтік нысандарға арналған орын қалдырамыз», - деді елорда әкімі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Т
Темірхан 03.06.2023
Менде құрылысшы болғым келеді
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл