Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңа жылдан қалыптастыруға болатын 3 қаржылық әдет
Қаржылық сауат

Жаңа жылдан қалыптастыруға болатын 3 қаржылық әдет

22.12.2020
1 мин
52
13396

Кейбір қаржы мамандары адамның ақшаны қалай ұстайтынына қарап оның қандай екені туралы ой қорытуға болады деген пікірде. Яғни олар қаржыға қатысты әдеттеріміз өмірлік философиямызды, ұстанымдарымызды, біліміміз бен ойларымызды, тіпті мінезімізді көрсететінін айтады.

Мысалы, кірісіңіз бен шығысыңызды қалай басқаратыныңызды бақылап көріңізші. Ақшаңыздың 80 процентін ғана ақылмен жұмсап, қазіргі табыс көзінің тұрақты болмауы мүмкін екенін ескеріп жүрсіз бе? Әлде шығыныңыз тапқан табысыңыздан асып жығыла ма?

Егер шығын мөлшері кірістен көп болса, қаржылық тұрғыдан кері кетудің белгісі. Ал саяхатты немесе «керек затыңызды» қарызға алуыңыз, кері кетуге жасаған қадамыңыз.

Сондықтан өміріңізде қаржылық тұрғыдан кері кету барын аңғарсаңыз, оны бастапқы кезеңде тоқтатқан абзал. Өйткені қаржылық кері кетуді «асқынғанда» аңғару еш пайда бермеуі мүмкін.    

Оған себеп, кез келген өмірлік таңдаулар үшін жауап беретініміз. Мысалы, жылдар бойы күніне шылымның екі қорабын тауысқан адамның жақсылықтан үміт күтіп, жаман әдетін дәрігерлер ештеңемен көмектесе алмайтын сәтте қоюы сияқты өкінішті жағдайлар қаржылық тұрғыдан да орын алуы мүмкін.

Сондықтан келер жылдан табысыңызды арттыруды көздеп, қаржылық кері кетудің алдын алғыңыз келсе, төмендегі қаржылық әдеттер өзіңізге арналған.

  1. Кірісіңіз бен шығысыңызға есеп жүргізуді бастаңыз

Жоғарыда шығыстың кірістен көп болмауының маңызына тоқталып өттік. Сәйкесінше, біз ұсынған қаржылық әдеттердің де кіріс пен шығысты қадағалаудан басталуы заңды. Бұл баршаға мәлім нәрсе болғанымен, оны ұстанатындар аз. Алайда қаржылық жағдайды жақсарту бірінші кезекте кіріс пен шығысты қадағалаудан басталады. Өйткені сол арқылы ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын түсінесіз.

Уақытыңызды есеп-қисапқа құртудың қажеті жоқ. Ол үшін арнайы қосымшалар бар. Олардың ішінде ең кең таралғандары:

  • DrebeDengi;
  • Дзен-мани;
  • CoinKeeper;
  • Moneon;
  • Easyfinance.
  1. Қаржылық мақсаттарыңызды айқындаңыз

Саяхатты, көлікті, үйді, қосымша білім алуды және басқа да дүниелерді өмір бойы армандап қана өтуге болады. Бірақ арманның ақиқат болуы үшін оны қаржылық мақсатқа айналдыру керек.

Қолыңызға қағаз бен қалам алып, төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:

  • Ақша қандай мақсат үшін қажет?
  • Қай уақытқа қажет?
  • Қанша керек?
  • Қазір қанша бар?

Осы сұрақтарға жауап беру арқылы арманыңызды нақты қаржылық мақсатқа айналдыра аласыз. Ал мақсатқа айналған арман міндетті түрде орындалады.

  1. Жинауды үйреніңіз

Ақшаны дұрыс жинай білудің нәтижесі бай болуға әкеледі. Белгілі бір жинақсыз материалдық тұрақтылық болмайды. Заманауи технологиялардың көмегімен еш күш жұмсамай, барлық кірістің 10-20 процентін жинақ шотына немесе депозитке автотөлем қызметі арқылы автоматты түрде аударып отыруға болады. Егер осы әдетті қазір қалыптастыра алсаңыз, алдағы уақытта өміріңізден оң өзгеріс байқайтыныңыз анық.  

Егер қаржылық табысқа қырық немесе елу жасыңызда жетпеген болсаңыз, ол сіздің мемлекетіңіздің, өмір сүрген кезеңіңіздің, қоғамыңыздың нашар екенін немесе нашар адам екеніңізді білдірмейді. Ол осы уақытқа дейін нашар жоспармен жүргеніңіздің белгісі. Яғни өмір мектебіңізде қаржылық сауат пәні жоқ. Бірақ есте ұстайтын нәрсе, жасыңыз нешеде болса да, дұрыс жолға түсуге кеш не ерте болмайды. Мысалы, біз ұсынған қарапайым 3 қаржылық әдетті қалыптастырудың өзі келер жылдан үлкен қаржылық табыстарға жетуіңізге жол ашуы мүмкін.

Жансая ҚАМБАР  

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
52 Пікір
С
Сатай сауле 03.12.2021
Өте керемет мен біраз зат сүндім
Жауап беру
Ж
Жазира 09.08.2021
Акша жинайм бірак жумсап коям
Жауап беру
Г
Гулмира 12.01.2021
Акша барлығымыз үшін кажет.Акша күнделікті тамакка кажет,уйге ремонтка кажет,уйге жиһаздар алуға кажет,айына бир рет болсын бир жакка кыдырып демалу ушін кажет,айта берсен коп. Биракта тапкан акшаның кадірін білу кажет.Акшаны керекти нарсеге жумсау керек деп ойлаймын.
Жауап беру
Ж
Жадыра 04.01.2021
Мм жақсы ұсыныс екен размет
Жауап беру
Л
Ляззат 03.01.2021
Шүкір.. Ақшаны доллар жинақтаймын Инш Алла. Енді депозит ашып екі жаққа жинаймын, бұйрса. Мақсат бар, шүкір
Жауап беру
Ж
Жанат 24.12.2020
басшылыққа аламын!
Жауап беру
Ж
Жансая 23.12.2020
Акша жинап уйренгим келеди шыгыс коп
Жауап беру
А
Анар 23.12.2020
Менде ақша жинамаған екенмін.Дәулеттен.Гулмирадан көп нәрсе үйреніп жатырмын.рахмет.Сауатты жастар көзімізді ашты.Гүлнұр "ботақанға" да рахмет.Үйренгенімдей ақша жинап бастадым.Тағы да рахмет.
Жауап беру
З
Зулпия 23.12.2020
Оте лурыс
Жауап беру
А
Алия 23.12.2020
Акша жинауды уйренгим келеди акша жиналмайды. Кредит
Жауап беру
Ә
Әсем 23.12.2020
Орта жастан ассамда ақша жинауда сауатым өте төмен екенін сездім . Бірақ , құдайға шүкір бәрі бар . Ең өкінішті жағдай ақша жинау , депозиттер туралы мән бермеген екенмін . Енді депозитке ақша жинауды бастадым . Даулеттен , Гулмира Қарасай сабақтарынан көп нәрсе уйреніп , енді көзім ашылып жатқан сияақты. Рахмет сіздерге ! Талқымызға аман болыңыздар !
Жауап беру
Ж
Жибек 22.12.2020
Рахмет
Жауап беру
Г
Гульнур 22.12.2020
Көп жыл болды депазит ашканмын бурын акша жинайтын мың,казир еш жиналмаиды,балдар ости кредит,тамак киім жиындар тойларға кетеді,еш салаалмаим,шығын көп,кирис аз
Жауап беру
А
Ая 22.12.2020
Депозитке салмаи мал ала берсе калаи болар екен
Жауап беру
а
аға 22.12.2020
өмір бойы тапқан табысымды өзім ұстамаппын, тұрмыс құрғанша анама беретінмін, тұрмыс құрғаннан кейн енеме беретін болдым(17-18 жыл), содан кейн күйеуім алатын болды, ендіғана(2,5 жыл) қолыма тиді. бір жыл болды шетінен жссбға жинап жүргеніме.... қандай қалыптасу туралы айтуға болады, ешқашанда айлығымды алсам өйтемін бүйтемін деп жоспарламаппын
Жауап беру
Е
Еркинай 22.12.2020
Рахмет
Жауап беру
Е
Ержан 22.12.2020
Керемет
Жауап беру
2
2 22.12.2020
0,0
Жауап беру
2
2 22.12.2020
0,0
Жауап беру
Р
Рая 22.12.2020
Шай пул,квартлата,т.сс. осылардан ак артылмайды,киымды де казир онша алмаймын,ойткени жетпейды
Жауап беру
Р
Рая 22.12.2020
Шай пул,квартлата,т.сс. осылардан ак артылмайды,киымды де казир онша алмаймын,ойткени жетпейды
Жауап беру
И
Индира 22.12.2020
иа осындаи кенесынызге коп рахмет!иа казакстан отте киын кезенде омыр суруде каржылык жагынан мысалга мен уидемын бала кутымы мен жолдасым аилыгы 160 мын гана онын 85мын кридит 5 свет 40 мын карыз магазин алган тамагын 1аи жетпеиды сол себепты магазинге кырып кетемыз сонда калганы не киымге не комыр отынымызга да жетпеиды ашыгын аитканда олместын кунын корып жаткан казакпыз гои тусынем ешкымнын омыры ешкымге кызык емес бырак осы халыкттын жагдаиын шын жүректен оилаитын быр жан шыкса гои жогардан казыгым деп
Жауап беру
К
Камшат 22.12.2020
Рахмет Аллаға сансыз шүкір осындай ой салғандарыңызға
Жауап беру
У
Ундиякуль 22.12.2020
Табан акы мандай термен табамыз керегимизге жумсаймын
Жауап беру
У
Ундиякуль 22.12.2020
Коп рахмет
Жауап беру
К
Куралай 22.12.2020
Акша коп келеди Аллага шукир коп жумсап коя берем
Жауап беру
Г
Гулшахар 22.12.2020
Жұмыс бірде болса,бірде болмайды.Сонда да тырысып жатырмын жыйнауға.Кредит квартплата кетеді.Үй жалдап тұрамыз
Жауап беру
А
Айман 22.12.2020
Ой салар екен керемет,рахмет
Жауап беру
С
Сайлаукул жасым 55те 22.12.2020
Акша диналмайды жумыссызбын куйеуим жумыс жасац
Жауап беру
22.12.2020
Ол кредит агайынмен араласуга кетет
Жауап беру
B
Bbb 22.12.2020
Кредиттен қалмаса үнемдеп қалай уйренуге болады?
Жауап беру
А
Аренв 22.12.2020
Өте пайдалы кеңес.Кредиттен ауысса жинауға болады
Жауап беру
Г
Гулназ 22.12.2020
Кридиттен артпайдығой, қанша жумыс жасасаңда.
Жауап беру
Б
Балнур 22.12.2020
Шығысты міндетті түрде есептеп жғремін, қолдан келгенше үнемдеп жұмсауға тырысамын. Қарызға ешқандай зат алмауға, қажет емес дүниелерді сатып алмауға тырысамын.
Жауап беру
П
Перизат 22.12.2020
Қанша жинаймын десемде кредиттен артылмайды
Жауап беру
Г
Гулшат 22.12.2020
Мен каншалыкты жумысасам соншалыкты уйыме кырыс кыреды, акшаны аяп жумысамай калсам кырыс токтайды, кен болсан кем болмайсын
Жауап беру
Л
Лаура 22.12.2020
Акша жиналмайды. Жарты жолда жаратып койямын
Жауап беру
Г
Гаухар 22.12.2020
Канша тырысып акша жинасам да орта жолда жаратып тастаймын баска Кандай тури бар акша жаратпау ушин
Жауап беру
О
Ол ақшаны не үшін тырысып жинап жатқаныңызды білуіңіз керек! (Бір затқа немесе қыдыруға т.б цель болу керек ақшаны просто жинау керек десеңіз ол ақша міндетті түрде шығып кетеді 22.12.2020
Ақмарал
Жауап беру
А
Асель 22.12.2020
Иә дұрыс, мен есеппен жүремін шығынымды есептеймін сосын ақша қайда жұмсалды белгілі болады
Жауап беру
Н
Нұргүл 22.12.2020
өте жақсы құнды ақпарат дайындап бердіңіз рақмет,енді осы кеңесті ұстанамыз
Жауап беру
Г
Гуласем 22.12.2020
Оте дурыс деп ойлаймин менде акша ны катты жинаймын бирак кейде шаршап кетемин не ушин журмин дегендей бирак катты эконамист пин
Жауап беру
В
Венера 22.12.2020
Ақшаны әр уақытта есеппен жұмсаған дұрыс
Жауап беру
А
Айнур 22.12.2020
Мүлде ақша ұстай алмаймын. Карыздан карыз болып. Маған сол қаржылық сауаттылық керек болып тұр.
Жауап беру
М
Мадина 22.12.2020
Өте керемет жазғансыз
Жауап беру
Г
Гаухар 22.12.2020
Алматы облысы ала алама. көп балалылар
Жауап беру
Г
Гүлпара 22.12.2020
Ия ақшаны есептеген дұрыс
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл