Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жанарбек Әшімжан тұрғын үйге қатысты бюджет қаражатын ұлғайтуды ұсынды
Жаңалықтар

Жанарбек Әшімжан тұрғын үйге қатысты бюджет қаражатын ұлғайтуды ұсынды

19.06.2024
1 мин
0
391
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан азаматтардың тұрғын үймен қамтылауына қатысты мәселені көтерді, деп хабарлайды dauletten.kz.

«Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі ел азаматтарын қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекет басшысы тиісті мемлекеттік органдар мен қаржылық ұйымдардың алдына нақты міндеттер қойған.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап шалғайдағы жұрт нәпақа мен жұмыс іздеп қалаларға ағылды. Әсіресе, Алматыға. Оңтүстік мегаполиске ағылған көш тек Жетісу аймағынан ғана емес, бүкіл Қазақстанның түкпір-түкпірінен келді. Шамасы келгендері қалаға кірді, шамасы келмегендері бала-шағасымен қала маңындағы саяжайларға орналасты. Көпшілігі жылдар бойы кісі есігінде пәтер жалдап жүр. Үсті-үстіне құйылған көші-қон саясатында жүйесіздік орын алды. Нәтижесінде араға жылдар салып әлеуметтік тауқымет бой көрсетті. Қазіргі таңда Алматы облысында баспанасыздық проблемасы күн санап үдеп келеді», - деді ол.

Депутаттың айтуынша, көші-қон ағыны мен демографиялық өсімнің әсерінен өңірдегі тұрғын үй кезегі жыл сайын 4-5 мың адамға артуда.

«Биылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша Алматы облысында үй кезегінде  тұрғандардың саны 41,2 мың адамға жетті. Дәл осы өгізаяңмен жүретін болсақ өңір аз уақытта үлкен дағдарысқа тап болады. Сөз жоқ, ірі қалалар мен облыс орталықтарында қолжетімді тұрғын үй салу – басым әлеуметтік міндеттердің бірі.Осы орайда, ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысын іске асыруға жалпы республика бойынша 272,0 млрд. теңге, оның ішінде Алматы облысы үшін - 11,4 млрд. теңге көзделген. Яғни, өзге облыстар үшін тұрғын үй сатып алуға қаражат айтарлықтай жоғары бөлінді. Мәселен, Атырау – 707,6 мың халқы бар - 12,6 млрд. теңге; Ақтөбе - 942,7 мың халқы бар 13,7 млрд. теңге бөлінді; Қызылорда - 843,9 мың халқы бар 20,7 млрд. теңге; Павлодар – 753,6 халқы бар мың адамға 12,9 млрд. теңге. Жоғарыда аталған өңірлер үшін бұл қаражат 1,5 млн. халқы бар Алматы облысына қарағанда едәуір жоғары», - дейді ол.

Депутат атағандай, қарастырылған қаражат басқа өңірлермен салыстырғанда халық санына пропорционалды емес екенін атап өткен жөн, өйткені Алматы облысы әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған халық тығыз орналасқан облыс.

«Алматы облысы халық саны (1537,9 мың адам) және халықтың әлеуметтік осал топтары азаматтарының саны (283,6 мың адам) бойынша республикада Алматы қаласы мен Түркістан облысынан кейін үшінші орында тұр.  2024 жылы 901,9 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда, оның ішінде бюджет есебінен 129,1 мың шаршы метрге 1618 пәтер (61 үй) салу жоспарлануда. ҚР Үкіметінің экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимыл жоспары шеңберінде 2024 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ арқылы 272,0 млрд.теңге мөлшерінде қосымша қаржыландыру есебінен тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту жөніндегі шара көзделген», - дейді ол.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осы қаражаттан Алматы облысы үшін халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтары үшін 989 пәтерді сатып алуға 16,2 млрд. теңге қолдады.

«Сондай-ақ, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы №11 бұйрығымен бекітілген Ережелердің талаптарына сәйкес келетін облыс аумағында 2 120 пәтер жеткілікті тұрғын үй бар екенін хабарлаймыз. Жоғарыда айтылғандарға байланысты өңірлер бөлінісінде республикалық бюджет қаражатынан пулды (272 млрд. теңге) қайта қарау және Алматы облысының (1,54 млн. халқы бар 700 пәтерге 11,4 млрд. теңге) қажеттілігі үшін қаржыландыруды ұлғайту, яғни қаражатты халық санына пропорционалды бөлу керек деп санаймыз.Тұрғын үй салу және пайдалануға беру халықты өз тұрғын үйімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға мүмкіндік береді», - дейді ол.  

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл