Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Желтоқсан айында қандай өзгерістер болады 
Жаңалықтар

Желтоқсан айында қандай өзгерістер болады 

29.11.2024
мин
11
3935
Сурет: Dauletten.kz

Желтоқсан айында елді қандай өзгерістер күтіп тұр? Dauletten.kz сайты қыстың алғашқы айында болатын бірқатар өзгерісті еске салады.

Ұялы байланыс операторларының тарифтері қымбаттайды

Желтоқсан айында кейбір ұялы байланыс қызметтері үшін жаңа тарифтер енгізіледі. Activ және Kcell операторларында баға 6 пайыздан 25 пайызға дейін көтеріледі. Яғни, тариф құны орта есеппен 400 теңгеге өседі. Операторлар бұл қадамды инфляцияға, сондай-ақ қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған шаралармен түсіндіреді. Ал желіні жаңартуға қажетті жабдықтар доллардың өсуіне байланысты шетелден қымбатқа жеткізіледі. Электр энергиясы тарифінің көтерілуі де бағаға әсер еткен.

Орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл

Жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізіліп, енді орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл қарастырылады. Бұл ереже жолдардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында енгізіліп отыр.

Қыстық дөңгелектер міндетті

1 желтоқсанға дейін автокөлік жүргізушілері көліктеріне қыстық дөңгелек орнатуы тиіс. Бұл талапты орындамағандарға айыппұл салынады. Бұл шара қысқы жолдарда апаттардың алдын алу үшін қолға алынған.

Ауа райы күрт бұзылады

Желтоқсанның екінші жартысында ауа райы күрт суытады деп болжануда. Кей өңірлерде ауа температурасы -37 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға барынша сақ болуға және ауа райының бұзылуына дайын болуды ескертеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
11 Пікір
С
Салтанат 04.12.2024
Айлық көтеріледі деген сөзі ешкім қозғамай ма. Сол ең төменгі жалақы 85000 күйінде қалады ма? Бәрін қымбаттатып жатырсыңдар. Ал айлық қымбаттамайды
Жауап беру
М
Мұса 03.12.2024
Алла еліміздің бірлігін, ынтымағын берсін. Әр біз қазағым бай бақуатты болсын! Ел аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жауап беру
Ж
Жанат 03.12.2024
Шешім шығарып қойыпсыңдарғой несіне пікір жазыңдар деп отырсыңдар халықтың айлығына қалтасына қарап шешім шығарыңдар
Жауап беру
Т
Тасболат 02.12.2024
Бізде бағаны қадағаламайды әркім үстіне ойына келген % қосады. Одан кейін қалай қымбатшылық болмайды.
Жауап беру
А
Айнұр 30.11.2024
Мұғалім, дәрігер, зейнеткерлерге ақша қосылады отдел кадр, делопроизводитель неге көтермейді түн демейді демалыс болсын шақыртып алады ескі компьютерлер көзден көз қалмайды алатынымыз 120-130 қымбатшылық бір жыртығын жанымызды қысып енді қайда барамыз балаларды қалай бағамыз сұмдық болды онымен қоймай тариф , электр қуаты тағыда басқа қымбаттап кетті ипотека да алалмаймыз пәтер ол қымбат осыдан кейін жастар шетелге кетіп жатыр емеспе кетпей қайтеді енді
Жауап беру
М
Маке 30.11.2024
Пайдасы бар өзгерістер жоқ үнемі сол баяғы өтірік есепте мелер қымбат шылық тағы жоғарыда ғылар бірнарсе шешіп жатқан жоқ халыққа пайдасы бар
Жауап беру
Ч
Чина 30.11.2024
Бізден басқа елдер дамып, жетіліп, халыққа қолайлы жағдайлар жасап жатса, бізде тек қана қымбаттау, салықты көбейту, айып пұлды көбейтуден басқа өзгеріс болмайтын болды ғой…
Жауап беру
А
Ақай 29.11.2024
Зейнетақыға 8,5% қосылады деп еді. Оған дейін бәрі қысбаттап кетті. Дәрі-дәрмектің бағасы аспандап тұр. Азық-түліктің бағасы күнде өседі.
Жауап беру
z
zreginbaeva@gmail.com 29.11.2024
Котергенi несi, сапасын котерсин оданда кызметтiн
Жауап беру
П
Перизат 29.11.2024
Тарифты кымбаттып кайда апара жатыр ? Онсызда 5080тг саламыз . Котерилип жаткан айлык жок
Жауап беру
А
Ақерке 29.11.2024
Мяя біз 5580саламыз
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл