Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
-35 градусқа дейінгі аяз бен боран: желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Жаңалықтар

-35 градусқа дейінгі аяз бен боран: желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

02.12.2024
1 мин
0
1361
Сурет: 76.mchs.gov.ru

Синоптиктер қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Болжамға сәйкес, желтоқсан айы Қазақстанда қар, боран және екпінді желмен өтеді. Елдің оңтүстік аймақтарында жаңбыр мен жылбысқы қар түріндегі жауын-шашын болуы мүмкін, ал таулы және тау етегіндегі аудандарда қарлы ауа райы күтіледі. Батыс пен оңтүстікте көктайғақ пен тұман жиі қайталанатын болады.

Желтоқсанның бірінші онкүндігіндегі ауа райы

Солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде ауа температурасы -10-18 градустан -3-10 градусқа дейін, күндіз 0-8 градустан -3+5 градусқа дейін өзгереді.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде -5+5 градустан -1-8 градусқа дейін, таулы аудандарда -10-15 градусқа дейін, ал күндіз -5+5 градустан +5+12 градусқа дейін көтеріледі.

Батыста түнде ауа температурасы -1-8 градус, Каспий теңізі жағалауында +3 градусқа дейін, күндіз +1+8 градус болады. Онкүндіктің соңына қарай күндізгі температура -5+3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Желтоқсанның екінші және үшінші онкүндігіндегі температуралық өзгерістер

Солтүстік, орталық және шығыста түнде ауа температурасы -18-23 градустан -7-12 градусқа дейін, күндіз -4+1 градустан -8-13 градусқа дейін өзгереді. Кей күндері түнде -25-35 градусқа, күндіз -10-20 градусқа дейін аяз болады деп күтіледі.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде температура -7-18 градустан 0-5 градусқа дейін, күндіз 0-5 градустан +3+12 градусқа дейін өзгереді. Үшінші онкүндіктің кей күндерінде түнде -15-22 градусқа, күндіз -5-13 градусқа дейін аяз күшейеді.

Жалпы алғанда, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы қалыпты деңгейде болады деп күтілуде, ал жауын-шашын мөлшері елдің көп бөлігінде орташа көрсеткіштен асады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл