Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артады
Жаңалықтар

1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артады

02.12.2024
1 мин
2
2307
Сурет: kaz.zakon.kz

2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда әлеуметтік төлемдердің көлемі артады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша балалы отбасыларға арналған барлық жәрдемақы 6,5% индекстеледі.

Оған қоса, 2025 жылы ынтымақты зейнетақы 8,5%, ал әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6,5% ұлғаяды. Базалық зейнетақы мөлшері кезең-кезеңімен өседі.

2025 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасында 42 түрлі әлеуметтік төлемдер үшін 6 триллион теңгеден астам қаржы қарастырылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5% көп. Сонымен қатар республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллионға жуық қазақстандық отбасы жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер алатын болады.

Балалы отбасыларға арналған жәрдемақыларды төлеуге 2025 жылға арналған республикалық бюджетте 875,1 млрд теңге қарастырылған. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау атаулы әлеуметтік көмек көрсету арқылы жалғасады. АӘК көрсетудің жаңа тәсілдерін азаматтардың шығыстарын ескере отырып қайта қарау шеңберінде бұл көмек Цифрлық отбасы картасы және мемлекеттік әрі мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграциялау арқылы трансформацияланады,- деді Н.Байбазаров.

Сонымен қатар ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 2025 жылдан бастап 17% өседі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
М
Муталиева Қарлығаш 06.12.2024
Сәлеметсіз бе! Неге ерекше бала күтімінде отырған ана мен баланың жәрдемақысын көтермейді.69000 теңгеге не келеді.Балам 5 жаста .Басын ұстамайды,отырмайды,24/7 қасынан кетпеу керек. 5 баланың анасымын.Емге 10 күндік курсы 100,000тг.Коляска алайын десен 1 милн тг,вертикализатор 200,000тг,логопед 10 күндік 100,000 тг,дәрі -дірмек айтпаяқ қояын.Айына 1 милн кетеді екен орташа ем алғанның өзінде.Біз ерекше балалар өсіріп отырғандардың шарасыз күйін пайдаланып жүрсіндер
Жауап беру
Қ
Құралай 02.12.2024
1,2,3ші группаға қанша қосылады?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл