447.85
513.46
5.31
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зейнетақы ақшасын өсірген компаниялар рейтингі белгілі болды
Жаңалықтар

Зейнетақы ақшасын өсірген компаниялар рейтингі белгілі болды

22.09.2026
мин
0
227
Сурет: Қазақ газеттері

2026 жылдың алғашқы сегіз айындағы нәтиже бойынша жекеменшік зейнетақы активтерін басқарушы компаниялардың барлығы дерлік инфляциядан жоғары табыс көрсетті. Ең жоғары номиналды кірістілік «Сентрас Секьюритиз» портфелінде тіркелген, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинағын жекеменшік басқарушы компанияларға сеніп тапсырған салымшылардың қаражаты жыл басынан бері әртүрлі деңгейде өскен.

2026 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіш бойынша жекеменшік басқарушылардың нәтижелері 6,37% болған жинақталған инфляциямен салыстырылды. Ұсынылған дерекке сәйкес, компаниялардың басым бөлігі осы межеден жоғары табыс көрсеткен.

Номиналды табыстылық бойынша алғашқы орында «Сентрас Секьюритиз» тұр. Компания басқаруындағы портфельдің кірістілігі 12,18%-ды құраған. Инфляцияны шегергендегі нақты табыстылығы 6,43% болған. Басқаруындағы актив көлемі – 22,6 млрд теңге.

Екінші нәтиже Halyk Finance компаниясында. Оның портфелі 9,06% өсіп, нақты табыстылығы 2,69%-ды құрады. Компания басқаруындағы активтердің көлемі 77,6 млрд теңгеге жеткен.

Үшінші орында Alatau City Invest тұр. Компанияның номиналды табыстылығы 8,25%, нақты табыстылығы 1,88% болған. Портфель көлемі – 24 млрд теңге.

BCC Invest 8,09% номиналды және 1,72% нақты табыс көрсеткен. Компанияның басқаруындағы портфель 19,6 млрд теңгені құрайды.

Ал Halyk Global Markets басқаруындағы зейнетақы активтері 7,55% өсіп, нақты табыстылығы 1,18% болған. Портфель көлемі – 6,6 млрд теңге.

Tansar Capital көрсеткіші 2,43% деңгейінде қалыптасқан. Компанияның басқаруындағы портфель көлемі – 743,7 млн теңге.

Бұл ретте зейнетақы активтерінің негізгі бөлігін басқаратын Қазақстан Ұлттық банкінің портфелі аталған кезеңде инфляцияны ескергенде 2,17%-ға төмендеген.

Яғни жекеменшік басқарушылар арасында номиналды табыстылық бойынша ең жоғары көрсеткіш «Сентрас Секьюритизде» тіркелгенімен, нақты нәтиже инфляция деңгейі ескеріліп есептелетінін де назарда ұстаған жөн.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл