Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жанармай қымбаттаса, азық-түлік бағасы өсе ме?
Жаңалықтар

Жанармай қымбаттаса, азық-түлік бағасы өсе ме?

04.04.2023
1 мин
0
1100

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин “елімізде жанармай қымбаттаса, азық-түлік бағасы өсе ме?” деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Министрдің айтуынша, баға өсімі тауардың түріне қарай әсер етеді.

«Жеңіл тауар болса аса қымбаттамайды, ірі өнімдерге баға тиісінше өсуі мүмкін. Жанар-жағармай бағасы өскен жағдайда, мысалы қантқа әсері - 5 пайыз, ал күнбағыс майы - 2,4 пайызға өседі деген болжам бар. Шамамен 15-17 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Тағы бір айта кетерлігі, тауар өндіруші ірі кәсіпорындар қазір бензин, дизельмен жұмыс істемейді. Олар газға көшкен. Ал газдың бағасы әзір өспейді», - деп жауап берді Министр Үкімет отырысынан кейін. 

Оның айтуынша, жанар-жағармай бағасының өсуі азық-түлік құнының артуына айтарлықтай әсер етпейді.

"Биыл күзгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ол арзандатылған бағамен литрі 204 теңге болады. Бұл баға өзгермейді. Сондықтан жанар-жағармай бағасының өсуі азық-түліктің қымбаттауына аса әсер етпейді. Қазір елімізде баға тұрақты, осы орайда бірден өсіруге негіз көрмей тұрмын. Оның үстіне бізде азық-түлік қоры бар", - дейді ол.

фото: ehonews.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл