Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жандербек Мәлібеков: Елтаңбаны жасау үшін тарихты толық зерттедім
Менің кәсібім

Жандербек Мәлібеков: Елтаңбаны жасау үшін тарихты толық зерттедім

04.06.2023
5 мин
4
2886

Бүгін 4 маусым – Рәміздер күніне орай Елтаңба авторы – Жандарбек Мәлібековтен сұхбат алдық. Елтаңбаның пайда болуы, оны жасаудағы төккен тер мен еңбек, елтаңбадағы бейнелердің астарында жатқан философиялық ойлар мен терең мағынасының сырын Dauletten.kz cайтынан оқи аласыздар.

  • Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасын жасауда шабытты қайдан алдыңыз?

– Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздігін алғаннан кейін 1992 жылы рәміздерге байқау жарияланды. «Елің, жерің, халықың тәуелсіздік алып жатқан кезде қалай атсалыспайсың» деген сұрақ қойдым. Елтаңбаны жасау үшін қазақтың болмысын, қазақтың тарихын, мәдениетін, қонақжайлылығын, кеңпейілділігі мен ерекшеліктерін зерттеуден кейін қағазға түсірдім. Әр нәрсені жасар алдында сценарийін құрып алу керек, әр бейненің мағынасын, философиясын білмей жасауға болмайды. Сұрағыңыздың жауабы ретінде, шабыттың бастауы осыдан деп айтқым келеді.

  • Елтаңбаны таңдау үшін ұйымдастырылған байқау туралы толық айтып бересіз бе?

– 1992 жылы байқауға байланысты Үкімет басшылары комиссия мүшесін тағайындады. Комиссия мүшесінде бірінші Президенттен бастап, ғалымдар, Әбіш Кекілбаев сынды белгілі қоғам қайраткерлері, ұлы академик Салық Зиманов басқарған топ құрылды. Сол байқауға бірнеше жұмыстар тапсырылды. Мен ол кезде Ташкентте жұмыс жасап жүрген едім. Сол кезде байқауға қатысу туралы ой келді. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген бар. Әңгіме ұтып алуда емес, қатысудың өзі үлкен мәртебе. Менің жұмысым 173-ші болып, Жоғары Кеңестің қабылдау кеңсесіне тапсырылды. Мамыр айында, комитеттің қарауында талқыланып, маусымның 4-і Парламенттің 12-ші сессиясында Ту, Әнұран, Елтаңба бекітілді.

  • Елтаңбадағы бейнелердің астарында қандай философия жатыр?

– Елтаңбадағы бейнелердің әрқайсысы қазақтың мәдениетінде, тарихында бар нәрселер. Елтаңбаның төбесіндегі бес бұрышты жұлдыз – біздің түсінігіміздегі материк емес. Қазақта жұлдызың жансын деген сөз бар, сондықтан мемлекетіміздің, Қазақстанымыздың жұлдызы жансын дегенді білдіреді.  

Шеңбер тәрізді болуы – 6 қанатты киіз үйдің нұсқасы. 6 қанатты киіз үйде шаңырағы болады, керегесі және босағасы бар.

Шеңбердің өсі бар, қарап отырсаңыз, өстен х-у-z деген алгебаралық өлшем тарайды. Ортасындағы шаңырақ 2,5 см-ге сәл төменірек орналасқан. Себебі, уықтар, күннің нұры іспетті шашырап тұрады. сондай-ақ, уықтар бір шаңырақ астында бірнеше ұлыс өкілдерінің тұратынын да бейнелейді.

Отан, отбасы, от, ошақ деген мағынада отау құрдық, жаңа мемлекет құрдық дегенді ойға ала отырып, тарихтағы Ботай мәдениетінен табылған тұлпаларды қолға үйреткен қазақ екенімзді білдіру үшін тұлпарлар қосылды. Жәй тұлпарлар емес, киелі жылқы-киік деген аңның бейнесі.

Пырақтың мүйіздерінде 7 сақина бар. Бұл 7 атасын білмеген қазақ емес деген мағынада жасалған. Елтаңбадағы үш үлкен элемент Төле би – ұлы жүз, Қазбек би – орта жүз, Әйтеке би – кіші  жүз – үлкен буын дегенді білдіреді. Кірме буандар бар. Олар жүзге кірмейтін ру-тайпалық құрылымдар. Омыртқа – Алтын адамның омыртқасы. Босағаға салмақты мағына беру үшін ұлттық ою-өрнегіміз – қошқар мүйіз, босағаны ұстап тұрғандай әсер қалдырады. Босағаның үстінгі жағында басқұрлардың таразысы бейнеленген. Ол – дүниенің тепе-теңдігін ұстап тұру дегенді білдіреді.

Үш қауырсын – ата-бабаларымыздың жолын жалғастыратын, кейінгі жастарымыздың белгісі. Араларында тұрған Қаратау жотасы. «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір тайлақ бос келеді» деген тарихи заманның көрінісі. 1723-1727 жылдар арасындағы Ордабасыда болған Жоңғарларға қарсы шайқастың элементтері де кездеседі.

Одан кейін желбау. Желбау негізінен төртеу болады. Екеуі ішінде, екеуі сыртында салынған. Желбаулардың жел тұрған кезде үйді ұшырып кетпеу үшін сақтайтын қызметі бар. Елтаңба симметриялық салынған. Сондықтан екінші жартысына тоқталудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Елтаңбаның астында мемлекеттің атауы жазылған. Алғашқы нұсқасында кирилицамен, кейін латын қарпіне ауысқаннан кейін 2019 жылы өзгертілді. Оның астында белестер бар, архитектура саласында «Қайта өрлеу дәуірі» деген ұғым айтылады. Ал бұл белестер – өзіміздің тарихымыздағы белестер.

Елтаңбада сонау ғұн заманы, Алтын адам заманы, бірлестік заманы, тәуелсіздік заманы бәрі қамтылған. Мүйіздің өзі шексіздікті білдіреді, ал мүйіздегі 7 ата мағынасы, біздің мәңгілік өмір сүретінімізді, мәңгілік ел болатынмызды суреттейді. Барлық бейнелердің фоны ретінде боялған түсінің өзінде мағына бар. Қазақ киіз үйдің ішінде жатып, шаңырақтан аспан әлемін зерттеген. Көк түс – шексіз аспанды білдіреді.

  • Елтаңба туралы көпшілігі біле бермейтін, жиі айтылмайтын қандай дерекпен бөлісесіз?

– Елтаңба туралы толық ақпарат, «Қазақстан Елтаңбасы» деп аталатын кітабымда бар. Бұл кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылған. Сіз бен біз жалпы ақпартты талқыласақ, кітапта өлшемдері, заңдылықтары, мағынасы, қазақтың сыйластық мектебі, философиясындағы гуманистік ойлары толықтай осы кітапта жазылған. Сондықтан көпшілігі білмейтін мәліметтерді кітаптан оқуға болады.

фото: sputnik.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
p
popsobn n 06.07.2024
Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.
Жауап беру
p
popsobn n 06.07.2024
Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.
Жауап беру
D
DR. LOUIS 25.07.2023
Бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Сіз қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе? Олай болса бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегіңізге жақсы соманы ұсынамыз, өйткені біздің емханаға шұғыл түрде бүйрек қажет. Веб-сайт: https://stlouishospital.business.site Электрондық пошта: dr.louisclinic@gmail.com WhatsApp: +60183956897 Бағасы: $650,000$
Жауап беру
D
DR UMAR 23.06.2023
Сіз бүйрек сатып алғыңыз келе ме, әлде бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Қаржы дағдарысына байланысты бүйрегіңізді қолма-қол ақшаға сату мүмкіндігін іздеп, не істеріңізді білмейсіз бе? Бүгін бізге хабарласыңыз, біз сізге бүйрегі үшін жақсы $400 000 ұсынамыз Бүйрегіңізге жақсы ақша сомасын ұсынамыз. Менің атым дәрігер УМАР Мен UMAR клиникасының нефрологымын. Біздің клиника бүйрек хирургиясы бойынша мамандандырылған және біз де емдейміз Бүйректерді сатып алу және трансплантациялау Сәйкес донор. , Электрондық пошта: doctorumarclinic@gmail.com WhatsApp: +31 684911709 Telegram:+31 684911709 Viber: +31 684911709 Біз Үндістанда, Түркияда, Францияда, Нигерияда, Америка Құрама Штаттарында, Малайзияда, Дубайда, Кувейтте орналасқанбыз. мұқият Доктор УМАР
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл