Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Маңызды шығындарды өтеген соң жалақыңыздың қалған бөлігі қайда кеткенін білмей қаласыз ба? Ойыңыздағы түрлі жоспарды орындауға ақша жинағыңыз келе ме? Бұл жағдайда сізге жапонның бір ғасырдан артық уақытпен тексерілген Какейбо әдісі көмектесе алады.
Какейбо жапон тілінен «үйдің бухгалтерлік кітабы» деп аударылады. Бұл тәсілді 1904 жылы Жапониядағы алғашқы әйел журналист Хани Мотоко ойлап тапты. Какейбо әдісі қаржыны сапалы басқаруды үйретеді. Әдістің мәні – қанша ақша тауып, жұмсайтыныңызды бақылауға алу. Ал түпкі мақсат – қорды арттыру.
Какейбо барлық шығыс пен кірісті жазу арқылы ақшаны қайда жұмсап жатқаныңызды айқындап береді. Әдіс бойынша электронды бағдарламалар мен қосымшаларды қолданбай, кіріс пен шығысты қолмен жазу керек. Ол ақшаны саналы түрде жұмсауға септігін тигізіп, қажетсіз қаржылық әдеттерден арылуға, дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Танымалдығы әлем бойынша артып келе жатқан Какейбо жанкүйерлері ақылға қонымды шығындарды басқару кірістің шамамен 35 пайызын үнемдеуге мүмкіндік беретінін жақсы біледі. «Какейбо. Жапонның ақша үнемдеу өнері» кітабының авторы Фумико Чиба дұрыс үнемдеу үшін тиімді әрі саналы түрде ақша жұмсау керегін айтады және керісінше. Бірақ үнемдеуді өмірдің рақатынан бас тарту деп қабылдамау керек. Жоспарлау барысында адамға қуаныш сыйлайтын ақша жұмсауға тұрарлық нәрселер алдын ала ескеріледі.
Какейбо әдісі басты төрт сұраққа негізделген:
Бюджетті Какейбо стилінде жүргізу үшін сізге үлкен және кішкентай блокнот қажет болады. Үлкенге кірісті жазып, шығын мен жинақ мөлшерін жоспарлайсыз. Ал кішкентай блокнотты әрдайым өзіңізбен алып жүресіз. Оны жүргізудің еш қиындығы жоқ. Жай ғана әрбір шығынды назардан тыс қалдырмай жазып отырасыз. Ал үлкен блокнотты қалауыңызша ұйымдастыруға болады. Бірақ ол төмендегі пункттерді қамтуы керек.
Кестеге айдың басында міндетті түрде алатын кірісті, кейіннен қосымша кірістерді енгізесіз.
Бір айлық шығын жоспары. Алдымен пәтерақы, коммуналдық қызметтер, интернет пен мобильді телефонға кететін шығындарды жазыңыз. Осы айда алып қалатын жинақ соммасы мен стандартты шығындарды алып тастаған соң қалған ақшаны төрт санатқа бөлу керек.
Басқа шығындарға жоғарыдағы үш санатқа кірмеген кез келген нәрсені жатқызуға болады. Бюджетіңізден осы төрт санаттың қайсысына қанша ақша бөлетініңізді өзіңіз шешесіз. Барлығын ақылмен жоспарласаңыз, айлық лимиттің шеңберінде қалу қиын болмайды. Әр айдың соңында жоспармен жүріп, үнемдей алдыңыз ба, әлде артық жұмсап қойдыңыз ба, саралайтын боласыз. Осындай анализ келесі айға бұдан да нақты жоспар құруға мүмкіндік береді.
Какейбо әдісі бір қарағанда қарапайым көрінуі мүмкін. Бірақ оған қолыңызды бір сілтемес бұрын бюджетіңізді 1 ай осы тәсілмен жүргізіп көріңіз, көп ұзамай нәтижесін көресіз. Себебі әлем бойынша ең жоғары дамыған елдердің қатарына кіретін Жапония халқы 116 жыл бойы осы әдісті пайдаланып келе жатқаны бекер емес.
Жансая ҚАМБАР
Тағы көру