Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жәрмеңкелер, челлендждер, марафондар: Астанада 1 маусым қалай атап өтіледі
Жаңалықтар

Жәрмеңкелер, челлендждер, марафондар: Астанада 1 маусым қалай атап өтіледі

30.05.2023
5 мин
0
530

Астана әкімдігі балаларды қорғау күніне орай 50-ден астам іс-шара дайындап отыр, оған конкурстар, ойын-сауық бағдарламалары, зияткерлік ойындар кіреді. Сол сияқты шеберлік сыныптары, челлендждер, шығармашылық жұмыстарға арналған көрмелер, музыкалық-театрландырылған фестивальдар мен көрмелер-презентациялар, ата-аналар қауымдастығының қатысуымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды Dauletten.kz Астана қаласы әкімдігігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Астанада «Балалардың игілігі үшін» республикалық акциясы өтеді.

«Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеудің бірегей ерекшелігі елорданың бүлдіршіндері – балабақша тәрбиеленушілері арасында «Көңілді заряд» әуе шарлары бар бір сәттік флешмоб болмақ. Жас футболшылар марафоны мен Астана қаласының футбол командаларының ойыншыларымен матчтар бір уақытта білім беру ұйымдарының спорт алаңдарында басталады. Street WORKOUT белсенді спорт түрлері бойынша мастер-класстар қалалық алаңдарында жасөспірімдер үшін өтеді», - деді Серік Әділбаев.

«Арбат» жаяу жүргіншілер аллеясында мерекеге орай қосымша білім беру ұйымдарының белсенді қатысуымен «балалық шақ энергиясы» жас шеберлерінің нағыз қаласы ашылды.

Балалар демалысы жәрмеңкесінде «Алақай! Демалыс» қала тұрғындары мен қонақтары елордалық және елдік демалыс лагерлерін таңдай алады.

Елорданың 100-ден астам жас суретшісі «балалық шақтың жазы» іс-шарасына қатысады.

«SUPER кросс» технодромында елорда тұрғындары мен қонақтары радио және робототехника, судо және авиамодельдеу бойынша жобалармен танысады. Музыкалық мектептердің, өнер мектептерінің және Оқушылар сарайларының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен ауқымды және әсем концерттік бағдарлама құрылды. Бағдарламада қолданбалы өнер бойынша мастер-класстар, сабын көпіршіктері шоуы болады. Алғаш рет балалар өз суреттерін бір форматқа біріктіріп, мега-панно жасайды. Мереке ересектер мен балаларға арналған супердискотекамен аяқталады, онда балалық шақтың мультфильм әндері, қазіргі күндердің хиттері шырқалады.

«Театр өнерінің түрлеріне балалардың қызығушылығын дамыту мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалардың «қуыршақ театрына» баруы жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 1 маусымда «қауіпсіз аттракцион» акциясын өткізу жоспарлануда, онда балалар түскі асқа дейін, түскі астан кейін 50% жеңілдікпен балалар аттракциондарына тегін бара алады. Барлық өткізілетін іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланады», – деп түйіндеді спикер.

фото: gov.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл