| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда Жасанды интеллект пен цифрландыру жылы аясында 100 негізгі іс-шара жүзеге асырылуда, - деп хабарлайды Dauletten.kz ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.
Жоспар 8 бағыттан тұрады: стратегиялық және нормативтік қамтамасыз ету, адами капиталды дамыту, мемлекеттік органдарды GovTech моделіне көшіру, киберқауіпсіздік, цифрлық инфрақұрылым, салаларды цифрландыру, қалалар мен өңірлерді кешенді дамыту және жаңа экономиканы қалыптастыру.
Адами капитал:
AI-SANA бағдарламасы мектептер мен жоғары оқу орындарында ЖИ-білім беруді енгізеді, ересектерді қайта даярлауды қамтамасыз етеді. 450 мың оқушы мен оқытушы қамтылып, AI University, Tomorrow School, AI Governance 500 бағдарламалары іске қосылады.
GovTech және мемлекеттік қызмет:
Мемлекеттік органдар цифрлық жұмыс орнына көшеді, eGov мүмкіндіктері кеңейтіліп, Ұлттық ЖИ платформасында шешімдер енгізіледі. Кемінде 80% мемлекеттік қызметшілер Gov Workspace жүйесімен қамтылады, 50 қызмет ЖИ арқылы көрсетіледі.
Цифрлық инфрақұрылым:
Пойыздарда, ұшақтарда, туристік аймақтарда интернет қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, Direct to Cell спутниктік байланысы іске қосылады. Азаматтар мен бизнеске көрсетілетін цифрлық қызмет сапасы 75%-ға артады.
Салаларды цифрландыру және жаңа экономика:
Энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы, геология, логистика салалары цифрландыру мен ЖИ арқылы жаңартылады. Пилотсыз индустрия, реттелетін криптоиндустрия, мемлекеттік майнинг жобалары және отандық спутниктерді дамыту жоспарланған.
Қалалар мен өңірлер:
Ауылдарға талшықты-оптикалық желілер тартылады, 20 қалада 5G желісі дамытылады, Smart City жобасы іске қосылады. ХҚКО-лар цифрлық форматқа көшеді, азаматтардың 99%-ы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізеді.