Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Дархан Қыдырәлі жастар арасында қылмыс деңгейі өскенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сенатордың айтуынша, бірнеше өңірде жастар арасындағы қылмыстың артқаны байқалады.
Құрметті Олжас Абайұлы!
Өкінішке қарай жастар арасында агрессия, булинг, вандализм, суицид, әлімжеттілік, ерте жүктілік сияқты жаға ұстатар жайттар азаймай тұр. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Дина Зәкиеваның айтуынша, балалар арасында күн сайын бес қылмыс жасалады екен. Бас прокурордың мәліметіне сүйенсек биылғы 9 айдың көрсеткіші бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыс 4.1%-ға көбейген. Соның ішінде Ұлытауда 77.8, Астанада 54.3, Павлодарда 50, Атырауда 38.9, Солтүстік Қазақстанда 16.7, Алматыда 14.6, Маңғыстауда 14.3, Шымкентте 13.6 пайызға арта түскен. Қорқыныштысы кәмелетке толмағандар мектеп оқушылары арасында жасалған қылмыс саны 93.8 пайызға көбейген. Бұлардың арасында ұрлық - 512, тонау - 121, бұзақылық - 94, алаяқтық - 66, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру - 60.
Сонымен қатар сенатор осы уақытқа дейінгі болған жантүршігерлік оқиғаларды айтты.
Ел тұрғындарының үштен бірін электроттың жартысына жуығын жастар құрайтынын ескерсек бұл өте алаңдарлық жағдай. Мәселен, 2023 жылы 30 қазанда келесі ауданда жаппай төбелес салдарынан 9 сынып оқушысы қайтыс болды. Ақтөбеде топ бала 16 жасар оқушыны тепкілеп өлтірді. Алматыда еріккендер ересек адамды ұрып кетті. Зайсанда қыздар аяусыз төбелесіп жүрсе, Қызылордада зорланған қыздың тағдыры баршаны алаңдатты. Кеше ғана Ақтауда желіккен топтың төбелесі желіде тарады. Ал Талғардағы жантүршігерлік оқиғада елеріп алғандар 1 шөлмек сыраға бола 16 жасар Шерзатты өлтіріп кетті. Адам өмірі осыншама құнсыз болғаны ма, - деді ол.
Сенатор Дархан Қыдырәлі осы ойды айта келе, мынандай ұсыныстар білдірді:
1. Тәрбие жұмысын жандандыру. Мектеп инспекторларын көбейту. Жас ұлан деген сияқты ұйымдардың жұмысын трансформациялау.
2. Балалар мен жастар контетіне баса назар аудару.
3. Жастар ресурстық орталықтарының қаржылық жағдайын жақсарту аймақтарда комитет орталықтарын ашу.
4. Жастар саясаты бойынша басқармаларды барлық өңірлерде қайта құру
5. Орталық және аймақтық атқарушы органдардың жұмысын жүйелеу үшін жастар ісі жөніндегі комитеттің құзыретін күшейту. Отбасы демография және жастар ісімен арнайы агенттік айналысатын Германия, Финляндия, Малайзия сияқты көптеген елдердің тәжірбиесінде ескеру қажет.