Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жас мамандар «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 7 млн. теңгеден астам бюджеттік несие ала алады, деп хабарлайды Dauletten.kz, ҚР Экономика министрлігіне сілтеме жасап.
Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыруда.
Аталмыш бағдарламаға келесі салалардағы мамандар қатыса алады:
Әлеуметтік қолдау шаралары:
2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маман 17 млрд. теңге сомасына көтерме жәрдемақы алған. Ал 45 мыңнан астам маманға тұрғын үй сатып алу үшін 142,5 млрд. теңге сомасына бюджеттік кредиттер берілген.
2023 жылдың басынан бері 3,6 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін 18,6 млрд. теңге қарастырылған.
Биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Отбасы Банкі» жоба операторы болып тағайындалды. Бағдарлама цифрлық форматқа ауыстырылды. Өтінімдер Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимінде қабылданады.
Айта кетейік, ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне өзгерістер енгізілді. Мәселен, 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит көлемі 2 500 АЕК-ке (9,2 млн. теңге) дейін ұлғаяды немесе ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке яғни 7,3 млн. теңгеге дейін өсетін болады.
Тағы көру