Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жастарды жұмыспен қамту бойынша жаңа жоба іске қосылды
Жаңалықтар

Жастарды жұмыспен қамту бойынша жаңа жоба іске қосылды

30.05.2022
1 мин
0
3603

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және Eurasian Resources Group компаниялар тобымен бірлесіп «Жастарды жұмысқа орналастыру» бірлескен жобасын іске қосты.

Жоба аясында 35 жасқа дейінгі 10 мың жасқа жұмыс орындарын ұсыну жоспарланған. 2022 жылдың мамыр айынан бастап «Enbek.kz» электрондық еңбек биржасында кез келген адам ERG компаниялар тобынан жұмыс таба алады.

«Enbek.kz» порталының басты бетінде баннер орналасқан, оны басу арқылы жұмыс іздеушілер ERG тобындағы компаниялардың HR-қызметтері орналастырған бос жұмыс орындарының тізімімен таныса алады.

Жоба іске қосылғаннан бері әртүрлі мамандықтар бойынша 346 бос жұмыс орны орналастырылды. Олардың арасында техникалық немесе медициналық біліктілікті қажет ететін және арнайы білімі жоқ адамдарға арналған бос жұмыс орындары да бар.

ERG 28 жылдан бері табысты жұмыс тәжірибесі бар, табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы жетекші компаниялардың қатарында. ERG құрамына «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» АҚ, «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Еуразия» Медициналық орталығы» ЖШС және басқа да ірі кәсіпорындар кіреді.

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7847 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл