476.07
541.86
6.08
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
«Жайдарлы Жетісу» жобасы бастау алды: қоғамдық тыңдалымда өңір жастарының ұсыныстары талқыланды
Жаңалықтар

«Жайдарлы Жетісу» жобасы бастау алды: қоғамдық тыңдалымда өңір жастарының ұсыныстары талқыланды

02.06.2026
мин
0
80

Жетісу облысында жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған «Жайдарлы Жетісу» әлеуметтік жобасы бастау алды. Жобаның басталуына орай қоғамдық тыңдалым ұйымдастырылып, оған жастар ұйымдарының өкілдері, белсенді жастар, сарапшылар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қоғамдық тыңдалым барысында қатысушылар жобаның негізгі мақсат-міндеттерімен танысып, алдағы іс-шаралар жоспарын талқылады. Сонымен қатар жастар саясатын дамыту, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, өңірлік мәдени бастамаларды қолдау және еріктілік қызметті кеңейту бағытында ұсыныстар айтылды.

Жоба аясында облыстың барлық аудан-қалаларын қамтитын мәдени-көпшілік іс-шаралар, көшбасшылықты дамытуға арналған тренингтер, шығармашылық кездесулер мен әлеуметтік акциялар өткізу жоспарланып отыр. Бастаманың басты мақсаты – жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай жасап, олардың азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Кездесу барысында қатысушылар өңірдегі жастардың өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Ашық пікір алмасу форматында өткен қоғамдық тыңдалым жастардың ұсыныстары мен бастамаларын ескеруге мүмкіндік берді.

Жетісу облысында жастарды қолдау бағытындағы әлеуметтік жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Биыл өңірде жастар саясаты, азаматтық белсенділік және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар қолға алынуда. Бұл бастамалар жастардың әлеуетін арттыруға және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік береді.

«Жайдарлы Жетісу» жобасы да осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі болып табылады. Жоба жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және қоғамдағы белсенділігін арттыруға серпін береді деп күтілуде.

Іс-шара соңында қоғамдық тыңдалымға қатысушылар жобаны жүзеге асыру барысында ашық диалог пен қоғамдық бақылауды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ өңір жастарын жоба аясындағы барлық іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл