Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
WhatsApp-та биылдан бастап студенттерге жаз айларында стипендия берілмейтіні туралы ақпарат тарады. Жазбада Үкімет қаулысына тиіс өзгерістер енгізілгені айтылған. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралф Stopfake.kz сайты мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ведомствоның мәліметінше, таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Тиіс өзгерістер қаулыға енгізілмеген.
«ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес, министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады», – деп хабарлады ҒЖБМ баспасөз қызметі.
Фото: tirshilik-tynysy.kz