Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"16 млн қазақстандықтың жеке деректері таралып кетті" деген ақпаратқа қатысты министрлік ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Әлеуметтік желілерде азаматтардың жеке деректерінің таралуы туралы ақпаратқа байланысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тексеріс жүргізіп жатыр.
- Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ, - делінген хабарламада.
Егер азаматтың деректері тараған болса, оған eGov порталы арқылы жеке кабинетіне хабарлама жіберіледі.
Министрліктің мәлімдеуінше, бұған дейін осындай жағдайда жарияланған деректер ескі ақпараттық базалардан алынған.
Қазіргі уақытта барлық тиісті ведомство мен қызмет жұмылдырылған.