Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жел, көктайғақ: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар

Жел, көктайғақ: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2025
мин
0
67
Сурет: pixabay.com

 Еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде және таңертең көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысының солтүстік, батыс және орталық аймақтарына тұман түседі. Ал, Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Атырау облысында түнде және таңертең батыста, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста тұман түсуі ықтимал. Атырауда да түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

Жетісу облысында және Алакөл маңында соғатын желдің күші – 15-20 м/с, екпіні – 23-28 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. 

Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында түнде және таңертең тұман болуы ықтиамал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні – 15-20 м/с. Қостанайда көктайғақ және тұман күтіледі. 

Қызылорда облысында, әсіресе орталығында тұманды ауа райы болжанып отыр. 

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман күтіледі.

Павлодар облысының солтүстігінде таңертең және күндіз көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ және тұман күтіледі.  Петропавлда түнде көктайғақ болады. 

Түркістан облысында және таулы аймақтарда тұман түседі. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл