Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ұрпаққа қалған жара: жасалған әділетсіздіктің отбасыға салған ауыртпалығы
Жаңалықтар

Ұрпаққа қалған жара: жасалған әділетсіздіктің отбасыға салған ауыртпалығы

16.12.2025
мин
1
74
Сурет:Nur.kz

1986 жылғы желтоқсан – тек күнтізбеден өткен бір күн емес, қазақ жастарының әділеттікке, тіл мен құқыққа деген ұмтылысының символы, - деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Алаңдағы әрбір соққы, әрбір жасалған үкім – жеке тағдырмен байланысып, ұлттық жадымызда жазылмаған жара қалдырды. Осы үнсіз қалған ақиқат әлі күнге дейін жауапсыз тұр.

Бұл шындықты ашуға тырысқан Әлия Әшімнің деректі фильмі Желтоқсан оқиғасының тек ресми деректерінен тыс қалған адам тағдырларын көрсетеді. Фильмде қолдан жасалған соттар, әділетсіз үкімдер мен жасалған қысым арқылы көтерілістің зардабы әлі күнге дейін жазылмағаны айқын көрінеді.

Қолдан жасалған істер мен үкімдер:

Желтоқсанға қатысқандардың тағдыры – жүйелі түрде жүргізілген жазалау саясатының көрінісі.

Қайыргелді Күзембаев – 14 жыл,

Жамбыл Тайжұмаев – 14 жыл,

Түгелбай Тәшенов – 15 жыл,

ал Қайрат Рысқұлбековке өлім жазасы кесілді.

Қайраттың туыстарына жазған хатында ол алаңға не үшін барғанын ашық жазады. Қыздарды ұрып-соғып жатқанын естіп, азаматтық парызымен шыққанын, ешкімді өлтірмегенін, тек бір милиционерді қызды қорғау үшін соққанын айтады.

Желтоқсан оқиғасында үнпарақ үшін жаза алғандар: 

Желтоқсан тек жігіттердің емес, жас қыздардың да трагедиясы болды. 17 жастағы студент Гүлдан Мусина Қонаевтың орнына Колбиннің тағайындалғанын естіп, үнпарақ жазғаны үшін «халық жауы» деп 1,5 жылға сотталды. Үнпарақта Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңінен шумақтар болған.

Сол уақытта анасының «Қызым табалдырықты алғаш аттап кірмесе жүрегім тоқтайды» деген сөзі Желтоқсанның отбасы трагедиясына қалай айналғанын көрсетеді.

21 жастағы Құрманғазы Рахметов «Лениндік ұлт саясаты жасасын» деген екі лозунг үшін 7 жылға сотталды. Ол алаңдағы көргенін былай сипаттайды: арматурамен ұрған дружинниктер, күрек ұстаған солдаттар, қып-қызыл қанға боялған алаң…

Ажалы құпия болған құрбандар: 
Ресми дерек бойынша Желтоқсанда үш адам қаза тапты делінгенімен, The New York Times құрбандар санын жүздеген деп көрсетеді. Сол трагедияның символдары – 22 жастағы Ербол Сыпатаев пен 16 жастағы Ләззат Асанова.

Ләззат тергеу қысымына шыдай алмай, қоштасу хатын жазып, бесінші қабаттан секірген. Оның өлімі толық зерттелмеді, ал ата-аналарына қорқытып: «Егер қызыңды іздесең, бүкіл әулетіңді құртамыз», – деп қауіп төндірген. Бұл тек физикалық емес, психологиялық террордың көрінісі болды. Кейбір куәгерлер тірі адамдардың көмілгенін, ата-аналардың қорқыныштан үндемей қалғанын айтып өтті.

Неге Желтоқсан болды?

Желтоқсан көтерілісінің триггері – қазақ жастарына беймәлім Колбиннің билікке келуі болса, негізгі себебі – олардың тілдік, әлеуметтік және тұрмыстық кемсітушілігі еді.

- Орыс тілін білмегендер жұмысқа алынбады,

- Прописка берілмеді,

- Алматыдағы қазақтардың үлесі небәрі 28% болды.

Барлық бұл факторлар жастардың наразылығын тудырды.

Көтерілістің құрбандарының көпшілігі ақталмай, жауапсыз қалған жүйенің көлеңкесінде қалды.

Біз білеміз: сотталғандар мен қаза тапқандар болды, бірақ олардың артында қалған сынған тағдырлар, жұмыстан қуылған ата-аналар, оқудан шығарылған жастар, жабық қалған шындық әлі толық зерттелмеген.

Жауапсыз қалған сұрақтар

Не үшін өлім жазасы қолданылды?

Не үшін жас өмірлер қиылды?

Бұл – тоталитарлық жүйеге қарсы шыққандарға берілген сабақ еді. Сол кезде партияның шешіміне қарсы шығу – ең ауыр қылмыс саналды.

Желтоқсан – жаңылмауымыз керек тарихи сабақ. Бұл – тек сотталғандар мен қаза тапқандардың ғана емес, артында қалған отбасы, жас өмірлер мен сынаққа ұшыраған ұрпақтың тарихы. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Б
Бектас 16.12.2025
Мерекелеріңізбен!!✊????
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл