| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жер сілкінісі кезінде ең бастысы — сабыр сақтап, қауіпсіздік ережелерін орындау, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Үй ішінде болсаңыз:
— терезе, айна, шкаф және ауыр заттардан алыстаңыз;
— берік үстелдің астына тығылып, басыңыз бен мойныңызды қорғаңыз;
— терезе мен балконға жақындамаңыз;
— лифтіні пайдаланбаңыз;
— дүмпу тоқтағанша ғимараттан шығуға асықпаңыз.
Көшеде болсаңыз:
— ғимараттардан, бағандардан, ағаштардан және электр сымдарынан алыс тұрыңыз;
— ашық әрі қауіпсіз жерге шығыңыз;
— құлаған заттардан сақ болыңыз.
Көлікте болсаңыз:
— көлікті қауіпсіз жерге тоқтатыңыз;
— көпір, ғимарат, ағаш және электр желілерінен алыс тұрыңыз;
— дүмпу басылғанша көліктен шықпаңыз.
❗ Есте сақтаңыз: дүрбелеңге берілмеңіз, сабыр сақтаңыз және төтенше жағдай қызметтерінің нұсқауларын орындаңыз.
Өзіңіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі — басты орында.