| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мен Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazakhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен Жетісу ауданының демалыс орталықтарына қатысушы балалар үшін Көлсай көлдеріне танымдық-экологиялық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға 100 адам қатысты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Экскурсияның негізгі мақсаты – балаларды Қазақстанның бірегей табиғи нысандарымен таныстыру, олардың экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыру және табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру болды.
Экскурсия барысында балалар Көлсай көлдерінің бірегей табиғатымен, таулы ландшафтымен және биоалуантүрлілігімен танысты. Қатысушылар таза тау ауасымен тыныстап, көлдердің көркем табиғатын тамашалау арқылы қоршаған ортаның адам өміріндегі маңызын тереңірек түсінді.

Бағдарлама аясында балалар үшін табиғат аясында серуендер, танымдық ойындар мен түрлі жаттығулар ұйымдастырылды. Қатысушылар орманды және таулы аймақтарды зерттеп, табиғи ортаның ерекшеліктерін бақылау арқылы өздерінің танымдық қызығушылықтарын арттырды.
Сонымен қатар таулы аймақтағы белсенді серуендер, командалық ойындар мен тапсырмалар балалардың физикалық белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға және топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.

Көлсай көлдеріне ұйымдастырылған экскурсия балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп, экологиялық мәдениеті мен танымдық белсенділігін арттыруға бағытталды.
Экскурсия қорытындысында балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігі артып, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі түсініктері кеңейді. Сонымен қатар қатысушылардың командалық жұмыс, өзара қолдау және жауапкершілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік берілді.