Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жетісу облысында 100 млн теңге жымқырған халықаралық алаяқтар тобы анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
4 адамнан тұратын топ шетелдік азаматтармен бірлесіп, жүзден астам адамды 100 миллион теңгеден астам шығынға батырған.
Алаяқтар "Қолма-қол ақша шешу орталығы" деп аталатын ұйым құрып, дропперлер арқылы қаражатты криптовалютаға аударып отырған.
Топ мүшелерінің тұрғылықты жерін тінту кезінде 35 ұялы телефон, 3 жүйелік блок, 3 ноутбук, 2 пневматикалық тапанша және 3 люкс көлік тәркіленді.
Сонымен қатар күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қазіргі уақытта олар қамауға алынған.
Алаяқтар тобының мүлкі тәркіленіп, олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.