Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бағдарламаның қашан іске қосылатыны белгісіз.
"Жетісу жастары" тұрғын үй бағдарламасының шарттарына сәйкес, ипотеканы Талдықорған қаласында "жетім және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар" санатындағы үй кезегінде тұрғандар рәсімдей алады, деп жазады Dauletten.kz "Taldykorgan-online.kz" сайтына сілтеме жасап.
Несиенің негізгі шарттары:
Талдықорған қаласының әкімдігі бағдарламаны жүзеге асыруға 400 млн теңге (алғашқы транш) бөліп отыр. Ақпаратқа сәйкес, аталған бағдарлама бойынша несиені Отбасы банк береді.
Несие алушыларға қойылатын талаптар:
"Алғашқы сегіз жылда ай сайынғы төлем 76 600 – 87 600 теңгеге тең болады. Талдықорғанда пәтер жалдау қазір бұл бағамен бірдей немесе одан да қымбат. Біраз уақыттан кейін несие сомасы 46 400 теңгеге дейін төмендейді. Қолжетімді шарттармен несие алған балалар үйінің түлектері отбасыларымен бірге "Жастар" үйінің тар бөлмелері мен жатақханадан жеке баспаналарына көшетін болады", - деді "Отбасы банк" облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғымбаев.