| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Жетісу көшбасшылары» жобасы аясында жастарды көшбасшылыққа, әлеуметтік белсенділікке және soft skills дағдылары бойынша оқыту бағдарламасы табысты аяқталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жоба Жетісу облысындағы жастардың көшбасшылық әлеуетін, әлеуметтік белсенділігі мен soft skills дағдыларын жүйелі түрде дамытуға, олардың қоғамдық-мәдени өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз етуге және өңірлік деңгейде жаңа көшбасшы жастар пулын қалыптастыруға бағытталды.
Жобаны Жетісу облысы ішкі саясаты басқармасының қолдауымен, «Азаматтық бастатамаларды қолдау орталығы» КеАҚ гранттық жобасы аясында, «Жоғары жастар кеңесі» ҚБ ұйымдастыруда.

Оқыту бағдарламасына жалпы саны 300-ге жуық жас қатысты. Оқу процесі онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылып, келесі бағыттар бойынша жиыны 20 сессия өткізілді:
Бағдарлама жастардың тұлғалық дамуына, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуына және кәсіби құзыреттерін арттыруына бағытталды. Барлық сессияларды толық көлемде тыңдап, аяқтаған қатысушылар қатысу сертификаттарымен марапатталды.
