Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жітіқарада бес баланың өмірін қиған өрттің себептерін тергеу барысындағы жаңа мәліметтерді Қостанай облысының әкімі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қостанайда өткен брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов күзде Жітіқарада болған қайғылы оқиға туралы бірқатар мәліметтерді айтты. Айта кетейік, сол кезде алты бала ересектердің қарауынсыз қалып, өрт шыққан еді. Өрт салдарынан бес бала қаза тапты.
- Балалар қараусыз қалған. Тірі қалған үлкен бала таңғы сағат төрт шамасында оянып, пеш жағуға тырысып, бірдеңе – газ баллонына ұқсас зат қойған. Содан жарылыс болған, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов брифингте.
Ол бұл отбасының жағдайы жақсы екенін, бірақ көпбалалы отбасы ретінде мемлекеттік органдардың бақылауында болғанын атап өтті. Сол себепті үйде улы газ датчигі орнатылған. Алайда оның неге жұмыс істемегені белгісіз. Облыс әкімі тұрғындар да өз қауіпсіздігіне назар аударып, датчиктердің дұрыс жұмыс істеуін қадағалауы керектігін айтты.
Еске салсақ, Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрт болған еді. От бүкіл үйді шарпып, соның салдарынан үйдің төбесі құлаған. Сол сәтте үйде 2-ден 13 жасқа дейінгі алты бала болған, бірақ ересектердің ешқайсысы үйде болмаған. Қайғылы оқиға салдарынан бес бала қаза тауып, тек үлкені ғана тірі қалды.