Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды
Жаңалықтар

Микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

06.08.2022
1 мин
1
1809

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласындағы өңірлік өкілдері басқармасы бастығының бұйрығына сәйкес «Квику» микроқаржы ұйымы» ЖШС қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясынан айырылды.

Лицензиядан айыру үшін «Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР Заңының 16-бабы 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларындағы талаптар негіз болды. Бұл тұрғыда қызметін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, сондай-ақ уәкілетті органның, ҚР Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұза отырып жүзеге асырса, тиісті шешім қабылданады. Сонымен қатар, заңда көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асырған жағдайда лицензиясынан айырылады.

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәліметіне қарағанда, микроқаржы ұйымы өз қызметінде он екі ай ішінде есептеу тәртіптерін және қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің әрі жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәндерін сақтамауына, сондай-ақ қарыз алушылардан заңда көзделмеген өзге де төлемдерді алуға қатысты заң бұзу әрекеттеріне жол берген. Бұл жағдай қарыз алушылардың борыш жүктемесінің негізсіз ұлғаюына әкелген, яғни МҚҰ-ның жүйелі түрде қызметін теріс пайдаланғанын байқатып отыр», - деді агенттік өкілдері. 

«Микроқаржы ұйымын лицензиясынан айыру қарыз алушыларды ұйым алдындағы өз міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындау міндетінен босатпайды», - деп нақтылады агенттік.

 

Депозитке ай сайын ақша салып тұрасыз ба?
7844 адам
Иә 0%
Жоқ 0%
Кейде 0%
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
1 Пікір
Л
Лаззат 06.08.2022
Қаи банкке салған дурыс
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл