Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жұмыссыз қалған адам әлеуметтік төлемді қалай алады
Жаңалықтар

Жұмыссыз қалған адам әлеуметтік төлемді қалай алады

18.05.2022
1 мин
6
4578

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты 43 мың адамға әлеуметтік төлем төленді. Биыл 36,1 мың азаматқа төлем алғаш рет тағайындалды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем қызметкер жоғалтқан табыстың 40%-на дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 

Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:

  • eGov.kz порталында тіркелу;

  • «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

  • онлайн қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу қажет;

  • бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады;

  • егер жұмыс табылмаса, 3 күн ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен ХЖҚО қызметкері хабарласады).

Бұл қызметті онлайн режимде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.

Азамат жұмыссыз ретінде тіркелген соң Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-нан төлем тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісім беру үшін ұялы телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан босатылу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеп жүрген кезеңде оны қолдауға арналған.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 
Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Ж
Жансая 08.09.2023
Жұмыссыз қалып әлеуметтік төлем тағайындалды, енді 2 күннен соң қайтадан жұмыс тауып орналастым! Енді не істеуге болады? Әлеуметтік төлемді тоқтату керекпе? Оған қайтадан өтініш беремізбе? Өтініш жауап күтемін!
Жауап беру
А
Анар 18.05.2022
Жұмыстан январьда босаса, бірақ енді өтінім берсе бола ма? Ақпаратты енді алдым
Жауап беру
Н
Назерке Абубакирова 21.05.2022
Биринши жұмыссыздыққа тіркеліп потом заявка бере алас
Жауап беру
Е
Ердаулет 18.05.2022
Алла разы болсын осы жұммысыз қалған едім қалай жасасам болады еш туырлай алмай қойдым түсндіріп жбересіздерме Алла разы болсын
Жауап беру
Ж
Жанат 18.05.2022
Жұмыс жасамаған адам жұмыссыздыққа тұрса да ақша төлене ме
Жауап беру
Н
Назерке 21.05.2022
Толенбиди
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл