Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жұмыссыз қалған жас қазақстандықтар Zhas Project жобасы аясында 280 миллион теңге алады
Жаңалықтар

Жұмыссыз қалған жас қазақстандықтар Zhas Project жобасы аясында 280 миллион теңге алады

24.05.2024
1 мин
0
864
Фото: fundacionquaes.org

NEET жастарына өздерінің әлеуметтік идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Zhas Project мемлекеттік жобасының нәтижесі белгілі болды. Жобаға жұмыссыз жастардан жалпы 4 мыңға жуық өтінім түскен, олардың ішінен 280 өтінім іріктеуден өтті.

Өңір бойынша Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстары мен Шымкент қаласының жастары белсенді түрде өтінім берді. Гендерлік көрсеткіш бойынша өтінімдердің 41,4%-ы ер адамдардан, ал 58,6%-ы әйелдерден түскен. Олардың дені – 26 жастан асқандар.

Шымкент қаласының жас тұрғыны Насиба Ағзамова аутизммен ауыратын балаларға арналған глютенсіз печенье өндіруге 1 миллион теңге грант ұтты. Бұл өнім әртүрлі ертегі кейіпкерлер түрінде жасалады. Аутизммен ауыратын балалардың құрамында глютені бар тағамдарға аллергиясы немесе жоғары сезімталдығы болуы мүмкін, сондықтан оларға глютенсіз диета пайдалы болады деген теория бар. Сонымен қатар, Насиба глютенсіз тамақ өнімдерін өндіру технологияларын үйретуді қолға алуды жоспарлап отыр.

Мемлекеттік грант Қарағанды облысының тұрғыны Айтолқын Наушарбанға «Qazaq Stil» брендімен қазақи нақыштағы заманауи қолөнерді ұлттық нақышта әрлеу тігін цехын ашуға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік бермек.

Барлық өтінімдер Zhas Project жобасын жүзеге асыратын 10 өңірлік үкіметтік емес ұйымдар арқылы қабылданды.

Естеріңізге сала кетейік, Zhas Project жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылады.

Конкурстың қорытындылары мен жеңімпаздары туралы толығырақ www.cisc.kz сайтынан, Zhas Project жобасы бөлімінде көрсетілген 10 өңірлік үкіметтік емес ұйымдар сайттарының сілтемелері арқылы өтіп таныса аласыздар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл