Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде ресми түрде тіркелген жұмыссыздар саны артқан. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
Оның айтуынша, жұмыссыздар саны 8 есе өскен. Ал жұмысқа орналасу көрсеткіші 11 есеге артып отыр.
Ресми мәліметке сүйенсек, соңғы 7 айда 300 207 жаңа жұмыс орны ашылып, оның 149 мыңы азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Елімізде өткен жылмен салыстырғанда жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған бос жұмыс орындар саны 8,5 есеге өскен. Өз бетінше жұмыс іздеп, түйіндемелерін жариялағандар саны да 8 есеге артты.
"Жеті ай уақыт аралығында 333 мың адам Электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Оның 57 пайызы тұрақты жұмыс орындары. Сондай-ақ Жұмыспен қамту орталықтарына шамамен бір айда айына 60 мың адам барады", - деді Біржан Нұрымбетов.
Оның айтуынша, жұмыссыз жүрген 50 200 адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық бойынша арнайы төлем алады. Оларға жеті айда 5,5 миллиард теңге төленді.