Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жұмыстың жоқтығынан ауылдан қалаға көшушілер саны көбейді - Дәулет Мұқаев
Жаңалықтар

Жұмыстың жоқтығынан ауылдан қалаға көшушілер саны көбейді - Дәулет Мұқаев

14.10.2024
1 мин
0
137
Сурет: mazhilis.kz

Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға жастарды одан әрі жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын ауылды жерлерде бекіту шаралары туралы сұрақ қойды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бүгінгі Үкімет сағатында депутат Дәулет Мұқаев жұмыссыздық пен жұмыстың жоқтығы салдарынан ауылдан қалаға көшушілер көптігін айтып, Светлана Жақыповаға сұрақ қойды.

Осы ауылдағы жұмыссыздықпен күресу үшін ауылда нақты қандай іс-шаралар қолданылып жатыр. Ауыл бойынша қанша адамды жұмыспен қамтып отырмыз және қандай жоспар бар?

Қойылған сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова статистика бойынша нақтылай кетті. 

Қазіргі уақытта ресми статистика бойынша 1,1 миллион азамат жұмыс жасаса оның жартысынан көбі өзін-өзі қамтып жұмыс жасап жатқан азаматтар. Сондықтан біздің министрлік, ауыл шаруашылығы министрлігі, ғылым сараптама қоғамы бәріміз бірігіп біріншіден ауыл шаруашылығына еңбек нормалау әдістемелерін енгізу. Ауыл аманаты партиясы бастаған жобасы Жамбыл облысында біріншіден ауылдық жердегі жастарды оқытып, оларға бірінші біліктілігін көтеріп , дайын цехтарды әкеліп оларға бизнесін ашып беріп,  Президент жобасын бастап кеттік. Негізі 10 мың азаматты оқытып, бизнесін ашып беріп, сол ауылдық жерлерде жұмыс жасау. Екіншіден, 220 мың азамат ауылдық жерден кетті. Қазіргі уақытта статистика өте төмен. Ауылға барып жатқан азаматтар аз. Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушылардың  санына қарасақ сапасы да төмендеу, - деді ол.

Сонымен қатар жастарға еңбектің жаңа формасының үш түрін беру керектігін айтты. 

Нормаларды енгізу, жаңа формаларды енгізу маусымдық, сезондық вахта, мобильдік кәсіпкерлік, - деді Светлана Жақыпова.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл