Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жуырда атаулы әлеуметтік көмекке байланысты жаңа жоба іске қосылады
Жаңалықтар

Жуырда атаулы әлеуметтік көмекке байланысты жаңа жоба іске қосылады

01.11.2022
2 мин
6
2542

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап "әлеуметтік әмиян" жобасы іске қосылады. Енді аз қамтылған 1 миллион отбасының атаулы әлеуметтік төлемдері осы әмиянға түседі. Әлеуметтік маңызы бар 19 тауарға әкімдік тарапынан берілетін қосымша қаражат туралы ақпар да осы қосымшада болады. Осылайша сауда министрлігі, баға саясатын бақылауға аламыз деп отыр. Бұл жөнінде 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы хабарлады.

Әлеуметтік әмиян – банктік шоттың баламасы. Жоба халықтың осал топтары үшін арнайы ойластырылған және жеке сәйкестендіру нөмірін еді. Жаңа жылдан бастап 1 миллион адам осы қызметті пайдаланатын болады.   

Халықтың әлеуметтік осал топтарына берілетін карта арқылы ірі сауда нүктелерінде ғана тауар алуға мүмкіндік бар. Басқа кіші дүкендер мен базардан азық-түлік ала алмайды. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар 19 өнімнің тізімі дайындалған. Олар: ұн, макарон өнімдері, нан, қарақұмық, айран, сиыр мен тауық еті және т.б.

Дегенмен бұл топқа кірмейтін қарапайым жұрт күнделікті тұтынатын ең қажетті тауарлардың бағасы аспандап кете ме деп алайдайды. Өйткені онсыз да әлеуметтік маңызы бар тауарлар жыл басынан бері 18%-ға қымбаттаған. 

Ал сауда және интеграция министрлігінің өкілдері баға саясатын реттеуден бас тартпайтынын және бағаны ұстап тұру үшін тиісті шаралар жасалып жатыр дейді. Министрлік ірі сауда желілерімен әлеуметтік өнімдерге сауда үстемесін 10%-дан асырмау туралы келісімге қол қойыпты. Шенділер отандық шаруаларды да қолдан келгенше қолдап жатырмыз деп ақталды.  

“Мемлекет баға саясатын реттеуден бас тартпайды. Бұл жерде кішкене өзгеше жұмыс жүргізілетін болады. Яғни ол дегеніміз жеңілдетілген несие беріледі шаруаларға. Ол несиеге баға арзан кезде пестицид, гербицид, тыңайтқыштарды сатып алуға болады”, – деді Сауда және интеграция министрлігі Комитет төрағасының орынбасары Айдар Әбілдәбекова.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, цифрлы әмиянның өзіндік мобильді қосымшасы болады. Атаулы әлеуметтік көмектер, әкімдік тарапынан аз қамтылған отбасыларға берілетін азын-аулақ қаражат барлығы осы әмияндағы шотқа аударылады. Ондағы ақшаны азамат қажет деп тапса картасына, болмаса онлайн жарата алады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
К
Камила 02.11.2022
Бермиды оны байлар алады
Жауап беру
Б
Бану 01.11.2022
Аз камтылган бирак толенбей жаткан несиеси бар кара тизимдегилер калай алады
Жауап беру
Р
Раушан 01.11.2022
19онім ішіне сүт. суйыкмай айран дурыс .басқа онимдер не тағы
Жауап беру
С
Сандугач 01.11.2022
Нағыз мұқтаж жандарға бұйырсыншы осы көмек түрлері
Жауап беру
Г
Гүлназ Абдықадирова 01.11.2022
Сонда тағайындалған сомадан басқа азық түлікке ақша берілеме
Жауап беру
Д
Дина 01.11.2022
Атаулы әлеуметті өзі кім алады ? Алты балам бар жолдасым жұмыс істейді өзім бала күтіммен отырмын
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл