Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкімет отырысында мәлімдегендей, Қазақстанда жыл басынан бері 45 адам суға батып, қайтыс болған, ал оның ішінде 14-і балалар, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Министрдің айтуынша, суға батқандардың ең көбі Ақтөбе облысында – 5 бала, Абай – 5 адам, оның ішінде 2 бала, Қостанай – 5 адам.
«Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері – жабдықталмаған орындарда шомылу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, мас күйде және өз күштерін бағаламай шомылу», – деді министр.
Соңғы 3 жылдағы дерек бойынша, елде 1 103 адам, оның ішінде 321 бала суға кеткен.
фото: twitter.com