Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 210,2 млрд. теңгеге жәрдемақы алды
Жаңалықтар

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 210,2 млрд. теңгеге жәрдемақы алды

18.10.2021
1 мин
6
2040

2021 жылғы қаңтардан бастап қыркүйекті қоса алғандағы аралықта көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен жалпы сомасы 210,2 млрд. теңгеге орта есеппен 443,5 мың отбасы қамтылды, соның ішінде қыркүйекте жәрдемақының бұл түрін 415,3 мың отбасы жалпы сомасы 21,8 млрд. теңгеге алды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

Аталған мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері балалардың санына байланысты сараланып төленеді және 2021 жылы 46 760 теңгені (4 бала), 58 457 теңгені (5 бала), 70 154 (6 бала) теңгені, 81 852 теңгені (7 бала), 8 балаға – 93 344 теңгені, 9 балаға – 105 012 теңгені, 10 балаға – 116 680 теңгені, 11 балаға – 128 348 теңгені, 12 балаға – 140 016 теңгені, 13 балаға – 151 684 теңгені, 14 балаға – 163 352 теңгені, 15 балаға – 175 020 теңгені, 16 балаға – 186 688 теңгені немесе әр балаға 11 668 теңгені құрайды.

Еске сала кетейік, көпбалалы отбасыларға олардың кірістерін есепке алмай берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты шеңберінде енгізілген болатын.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Г
Гульнур 18.10.2021
Неге 4 балаға толемейтин болды??? Не себептен үнемі зандарын озгерте береди.
Жауап беру
С
Сания 18.10.2021
Толеп отыргой 4 балага 46 мын
Жауап беру
Б
Бибигул 18.10.2021
Көпбалалы аналардың ақшасын неге санап отыр соны түсінбедім 6балаға 70мың Алам 6балама 15күнггі азық түлігіне ғана жетеді
Жауап беру
М
Моли Моли 18.10.2021
Көке тәтелердің айлығын осылай айтсын,көрейік!!!!
Жауап беру
А
Айгул 18.10.2021
Ой жыр кылдыгой осыны
Жауап беру
Н
Нурсултан 18.10.2021
Бәзәр жөқ 16 бала дейма
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл