Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Нұр-Сұлтанда жыл соңына дейін 3,4 млрд теңгенің бес жобасын ашу жоспарланған. Бұл туралы қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы хабарлады.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылдың І жартыжылдығында елордада жаңа өндіріс орындары іске қосылмаған. Десе де, жыл соңына дейін химия өнеркәсібі, машина жасау мен құрылыс саласында бес жобаны іске қосу жоспарланған. Инвестицияның жалпы көлемі 3,44 млрд теңгені құрайды. Өндіріс орындары 100-ден астам адамды жұмыспен қамтамасыз ете алады.
Елордада құрылыс материалдарын шығаратын зауыт іске қосылады деп күтілуде. Жобаны іске асыруға 1 млрд теңге инвестиция тартылады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 21 мың өнімді құрайды.
Сонымен қатар 640 млн теңгеге лифт құрылысы зауыты ашылмақ. Өндіріс орны жылына 291 дана өнім шығаруды жоспарлап отыр. Жоспар бойынша өнім Ресей мен Қырғызстанға экспортталады.
Биыл парфюмерлік зауыт өз жұмысын бастауы керек. Оның құрылысы 400 млн теңгеге бағаланып отыр. Дайын өнімнің 80%-ті Ресей, Қырғызстан және басқа да нарықтарда сатылатын болады.
Биыл іске қосылатын кәсіпорындардың бірі 100 млн теңгеге кеңсе тауарларын өндіретін зауыт. Қуаттылығы жылына 15 млн дана өнімді құрайды. Дайын тауар көрші елдерге экспортталмақ.