Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жыл соңына дейін қанша адам жұмыспен қамтылатыны айтылды
Жаңалықтар

Жыл соңына дейін қанша адам жұмыспен қамтылатыны айтылды

26.10.2021
1 мин
1
1072

Премьер-министр Асқар Мамин ел экономикасының барлық саласы қалпына келіп жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, бұл жұмыссыздық деңгейін 4,9% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл 9 айдың қорытындысы бойынша 1 миллионнан астам қазақстандыққа жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін қосымша 200 мың адамды қамту жоспарланған. Бұл жоспарлар орындалады", - деді премьер үкімет отырысында.

Мамин қазір экономиканың барлық саласы қалыпқа келіп жатқанын атап өтті. Айтуынша, бұл шаралар жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге және оны 4,9% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

"Өте маңызды бір мәселе – тұрақты жұмыс орындарын ашу. Биыл кемінде 440 мың жұмыс орны құрылуға тиіс. Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарында тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жақсы тәжірибе бар. Қалған өңірлер де осы бағытта жұмысты жандандыруы керек", - деді ол.

Үкімет басшысы бірқатар өңірде жұмыспен қамту бағдарламаларын орындау деңгейі төмен екенін мәлімдеді. Осыған байланысты Мамин әкімдіктерге жұмысты жандандыру қажет екенін айтты.

Премьер-министр еңбек министрлігіне салалық мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен бірлесіп, экономиканың өсуі үшін кадр қажеттілігін анықтауды, сонымен қатар "Кәсіптік біліктілік туралы" заң жобасын әзірлеуді тапсырды.


 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
М
Мухташова Кунбала 26.10.2021
Маңғыстау өңірінде неге жұмыс орны ашылмайды?Жастарға жұмыс жоқ.айлығы 150 мыңның жұмысын көптеп ашса
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл