Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
«Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында шағын өнеркәсіптік парктердің резиденті болсаңыз, жылдық мөлшерлемесі 2%-пен жеңілдетілген несиеге қол жеткізе аласыз.
Ол үшін шағын өнеркәсіптік парктердің не екенін анықтап алайық.
Шағын өнеркәсіптік парктер – әлем бойынша мультипликативтігі мен тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп келе жатқан, бизнес жүргізуге арналған ыңғайлы жүйе. Қазір Алматыда да «Almaty Business – 2025» бағдарламасы аясында өнеркәсіптік парктер қарқынды дамып жатыр. Олар шағын және орта бизнесті қолдауға мүмкіндік береді. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлер бизнесін бастап қана қоймай, рұқсат құжаттарын алып, білікті де тәжірибелі мамандардан кез келген мәселе бойынша кеңес ала алады. Яғни кәсіп иесі идеясын жүзеге асыру барысында жан-жақты қолдау табады.
Өнеркәсіптік парктерді жалға алу құны бір шаршы метрге 1200 теңгеден аспайды. Кәсіпкер ғимарат, коммуникация сияқты дайын инфрақұрылымға ие болады. Сондай-ақ ғимаратпен бірге жеңілдетілген қаржыландыруға да қол жеткізеді. Өтінішті қарау, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және сақтандыру үшін несие алушыдан комиссия алынбайды. Кәсіпті дамытуға қолжетімді несиелерді «Almaty Finance» ЖШС арқылы алуға болады. Индустриалды парктен бизнеске қажет алаңды алу үшін Алматы қаласының Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына (ӘКК) хабарласуға болады.
Жылдық мөлшерлемесі 2%-пен жеңілдетілген несие алу шарттары:
Бүгінде индустриалды паркті дамыту жобасы қарқынды дамып келеді. Инвесторлар 2012 жылы құрылған Алматының индустриалды аймағында жаңа өндіріс орындарын салып жатыр. Мысалы, жыл соңына дейін құрылыс, жиһаз, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне арналған төрт жаңа индустриялық парк іске қосылады.
Жансая ҚАМБАР
Тағы көру