Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зират маңындағы қантөгіс: 9-сынып оқушысы әлімжеттіктің құрбаны болды
Жаңалықтар

Зират маңындағы қантөгіс: 9-сынып оқушысы әлімжеттіктің құрбаны болды

13.11.2025
мин
0
103
Сурет: ulysmedia.kz

Түркістан облысында 9-сынып оқушысының өліміне қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

15 жастағы жасөспірімнің денесі зират маңынан табылған.

Марқұмның туыстарының айтуынша, ол сыныптастарының әлімжеттігіне ұшыраған. Ақша сұраған балаларға бермегені үшін оны жабылып ұрып-соққан.

Түркістан облысы полиция департаменті күдіктілердің ұсталғанын растады.

- Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық қажетті шараларды жүргізді. Алдын ала деректер бойынша, 9-сынып оқушысын сыныптасы кеуде тұсынан ұрып, ол сол жерде көз жұмған. Полицейлер күдіктіні және оқиғаға қатысы бар өзге балаларды ұстады, — делінген ресми хабарламада.

Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтауда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл