Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Зиянды заттары шекті мөлшерден 10 есе көп: Балаңыздың ойыншықтарына мән бересіз бе?
Жаңалықтар

Зиянды заттары шекті мөлшерден 10 есе көп: Балаңыздың ойыншықтарына мән бересіз бе?

07.10.2022
2 мин
0
938

Солтүстік Қазақстанда құрамындағы улы заттар шекті мөлшерден 10 есе артқан ойыншықтар анықталды.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлованың сөзінше, мамандар ай сайын ойыншықтардың сапасына зерттеу жүргізеді. Сол үшін сауда орындарынан өнім сатып алынып, Кеден одағының техникалық регламенті және санитариялық бақылануы тиіс гигиеналық талаптарына сәйкестігі зерттеледі.

 

Бұл жолы сауда орындарынан 129 түрлі ойыншықтың үлгісі сатып алынып, зерттелген. Оның 76-сында, яғни 60% техникалық регламент талабы сәйкес келмеген. Барлығында таңбалау қағидалары бұзылған. Ал 8 ойыншықтың үлгісі физико-химиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сай болмай, бала өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.

 

«Балалар ойыншықтарында токсикологиялық заттар – фенол, формальдегид, ксилол, метил спирті мен гептанның көлемі шекті мөлшерден асқан.

Зерттеуге алынған ойыншықтардың 0,1% ғана отандық өндірушілердің өнімі. 45,6% - Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерден, 53% - басқа мемлекеттерден жеткізілген. Талапқа сай келмейтін қауіпті ойыншықтардың басым бөлігі де басқа елдерден әкелінген. Соның ішінде Қытайдың үлесі басым – 62%, Ресейден – 28%, Өзбекстаннан – 1,6 % және шыққан жері көрсетілмеген ойыншықтардың үлесі – 2%.

Физико-химиялық көрсеткіштер бойынша улы деп танылған ойыншықтардың атын атап, түсін түстесек: балық аулау құралы ойыншықтар топтамасы. Қытайда жасалған, құрамындағы ксилол 0,71 болған, рұқсат етілген мөлшер небары 0,05. Пистолеттің құрамында да ксилол бірнеше есе көп, ал роботқа айналатын танк ойыншығында гептан мөлшері екі есе асып кеткен. «Вкусняшка» деп аталатын ойыншық иегі қышыған сәбилерге арналған, яғни оны бала аузына салады. Ондағы фенол нормадан 10 есе артық. Сондай-ақ «Лариса» деген «монстр» қуыршақта формальдегид екі есе көп. Қауіпті ойыншықтардың қатарында балалар пианиносы да бар», - дейді Горлова.

 

Белгілі болғандай, ойыншық сатып аларда оның иісі мен түсіне мән беру керек. Санитар дәрігер Қытайдан келетін бояуы тым ашық ойыншықтардан бас тартуға кеңес береді. Оларды жасау барысында химиялық заттар көп қолданылады. Ойыншық аларда тауардың сапа сертификатына, сәйкестік декларациясына назар аударған абзал.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл