Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ел экономикасы, бизнесті қолдау туралы тоқталып, азаматтарды жұмыспен қамту шаралары ауқымды жүріп жатқанын айтты.
«Еңбекпен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 1 трн теңге бөлінді. Бүгінгі күні 255 мың жұмыс орнын ашу үшін 6500 әлеуметтік маңызы бар жоба іріктеліп алынды. Қазір 6 мыңдай жоба жүзеге асып жатыр. Оларда 123 мың жұмыс орны ашылды», – деді Руслан Дәленов.
Министрдің айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 5,5 мың шақырым республикалық және 4 мың шақырым жергілікті жолдардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысы жұмыстарында 200 мың адам еңбек етуде. Сондай-ақ, биыл «Ауыл ел бесігі» жобасын қаржыландыру ұлғайып, 100 млрд теңгеге жуықтаған.
«Ауылдық елдімекендердің инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі осы жобаға 98 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күні көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру үшін 216 ауылда 920 жоба жүзеге асып жатыр. Тұрғын үй шаруашылығы жақсаруда жолдар, мектептер салынып және жөнделуде. Көшелерге жарық тартылуда. Жобаларды жүзеге асыру үшін 16 мыңнан астам адам ауылда еңбек етуде. Еліміздің инженерлік жүйелерін жаңарту жалғасын тапты. Биылғы жылдың алты айында 800 шақырым ауыз су құбырлары тартылды. Сондай-ақ, 14 млрд теңге газбен жабдықтауға бөлінді. Жалпы, жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарламалар аясында 1 млн 200 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар, 2 млн жұмыс орнын сақтап қалу үшін әкімдіктер, жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында 140 мың меморандумға қол қойылды», – деді министр.
Тағы көру