Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада бірнеше жыл бойы мемлекеттік бағдарлама атын жамылып әрекет еткен екі азамат алаяқтық үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Тергеу мәліметінше, олар кеңсе жалдап, жұмыс істеп тұрған ЖШС деректемелерін пайдаланып, азаматтарға Астана мен Алматыда орналасқан жоғары санатты тұрғын үйлерді жеңілдетілген шарттармен алып беру, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар аясында несие рәсімдеуге уәде еткен. Жалған келісімшарттар арқылы олар 150 жәбірленушіні алдап, 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген.
Сот олардың әрқайсысына 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, 5 жылға материалдық жауапты және басшылық қызметтер атқару құқығынан айырды. Сотталғандардың кәмелет жасқа толмаған балаларының болуы және келтірілген шығынды жартылай өтеуі жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілді.
Келтірілген материалдық залал сотталғандардан өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарға құжаттары жоқ адамдардың ұсыныстарына сенбеуді, несиелеу және тұрғын үй алу саласында мәмілелер жасасудан бас тартуды ескертеді.