Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде циклон ықпалымен ауа райы құбылмалы болады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оңтүстікте қар жауады, оңтүстік шығыста қар аралас жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда қалың қар түседі.
Тек Қазақстанның батысы мен шығысында күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, боран соғады. Тұман түсіп, көктайғақ болады.
Астанада күн ала бұлтты, қар жауады, күндіз ауа температурасы -7-9°C, желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14, түстен кейін 15-18 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +1+3°C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +2+4°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.