Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
"Қазгидромет" мәліметінше, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бірқатар облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал солтүстік пен шығыста тұман түседі.
Жетісу, Алматы, Шымкент, Маңғыстау, Қостанай, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Ұлытау және Ақмола облыстарында өрт қаупі сақталады.
Кей аймақтарда желдің жылдамдығы 20 м/с дейін жетіп, шаңды дауыл соғуы ықтимал. Солтүстік және шығыс өңірлерде топырақ бетінде үсік күтіледі, сондай-ақ жаңбырмен аралас қар жаууы мүмкін.
• Астана– күн ала бұлтты, түнде және таңертең тұман. Түнде +5…+7 °C, күндіз +13…+15 °C.
• Алматы– жауын-шашынсыз, күн бұлтты. Түнде +13…+15 °C, күндіз +26…+28 °C.
• Шымкент– ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +14…+16 °C, күндіз +32…+34 °C.