| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 | 
| Лайт | 0.00 | 0.00 | 
 
                                Жамбыл облысында баласын мектепке жібермеген әйелге 41 мың теңге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Облыстық соттың дерегінше, әйел баласының мектепке жүйелі түрде бармауына себепсіз жол берген. Бұған дейін де дәл осындай жағдай үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, тәртіп бұзушылық қайталанған.
Сот анасының кінәсін мойындағанын, басқа кәмелетке толмаған балалары бар екенін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, 41 мың теңге көлемінде айыппұл салумен шектелді.
Мамандардың айтуынша, бұл жағдай ата-аналардың балаларының оқу процесіне жауапкершілікпен қарауының маңыздылығын көрсетеді. Егер оқиға тағы да қайталанса, анаға қатысты қатаң шаралар – тіпті ата-аналық құқықтан айыруға дейін қолданылуы мүмкін.
                                                                    
                                
                                
                                
                               
                            