Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
13 мамырдан бастап “Шу–Бурылбайтал” жолы ақылы болады
Жаңалықтар

13 мамырдан бастап “Шу–Бурылбайтал” жолы ақылы болады

06.05.2025
1 мин
0
134
Сурет: qaz.ulysmedia.kz

2025 жылдың 13 мамырынан бастап ұзындығы 175,8 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар "Шу–Бурылбайтал" автожолы ақылы жүйеге көшеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл туралы Көлік министрлігінің ресми бұйрығында хабарланды.

Жол ақысы көлік түріне қарай мынадай мөлшерде белгіленген:

    •    16 орынға дейінгі автобустар мен жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі көліктер үшін – алдын ала төлем 1 031 теңге, кейінгі төлем 1 213 теңге;

    •    32 орынға дейінгі автобустар мен 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – алдын ала төлем 2 082 теңге, кейінгі төлем 2 446 теңге;

    •    32 орыннан жоғары автобустар мен 10 тоннаға дейінгі автопойыздар үшін – алдын ала төлем 3 114 теңге, кейінгі төлем 3 659 теңге;

    •    10-15 тонна аралығындағы жүк көліктері үшін – алдын ала төлем 4 156 теңге, кейінгі төлем 4 891 теңге;

    •    15 тоннадан жоғары тіркемелі және ершікті тартқыштар үшін – алдын ала төлем 5 187 теңге, кейінгі төлем 6 105 теңге.

Сонымен қатар көлік иелері үшін 1-ден 60 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айлық немесе жылдық абонемент алу мүмкіндігі қарастырылған.

Ведомство мәліметінше, бұл жол бөлігінде төлем жүйесі 20 жыл бойы қолданылатын болады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл