Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
13 жасар бала 10 жасар баланы екі жыл бойы қорлаған
Жаңалықтар

13 жасар бала 10 жасар баланы екі жыл бойы қорлаған

08.11.2024
1 мин
0
412
Сурет: dszn.ru

Орал тұрғыны ұлының екі жыл бойы басқа баланы қорлағаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оралда басқа баланы екі жыл бойы қорқытып, соңынан қалмаған баланың анасына сот ескерту берді.

Іс материалдарына сәйкес, 13 жастағы мектеп оқушысы 10 жастағы зардап шегушіден ақша талап етіп, тартып алған. Жасөспірімнің анасы ұлының басқа баланы ұрғанын растағанымен, буллинг болғанын жоққа шығарды.

Зардап шеккен баланың анасы баласына қатысты қорлықтың екі жылдан бері жалғасып келе жатқанын мәлімдеді. Бала қорқып, ұзақ уақыт бойы агрессордың есімін атауға батылы жетпеген. Әйел мәмілеге келуден үзілді-кесілді бас тартты.

Буллинг фактісі куәгерлердің жазбаша түсініктемелерімен расталды. Кәмелетке толмағандарға қатысты қорлау үшін ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде – 36 920 теңге айыппұл қарастырылған.

Шешім шығару кезінде сот бұзақы баланың анасының үш кәмелетке толмаған баласы бар екенін, бірақ жұмысы мен тұрақты табысы жоқтығын ескерді. Сондықтан оған тек ескерту берілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл