Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
16 жылдан кейінгі жеңіс: көпбалалы ана әлем чемпионатында күміс медаль алды
Спорт

16 жылдан кейінгі жеңіс: көпбалалы ана әлем чемпионатында күміс медаль алды

10.11.2024
1 мин
0
62

16 жылдық үзілістен кейін небәрі екі апта жаттығып, төрт баланың анасы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан қазақ дзюдошысы Келбет Нұрғазина Лас-Вегаста (АҚШ) ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында 52 кг салмақта белдесіп, күміс жүлдегер атанды.

- 16 жылдық спорттағы үзілістен кейін, тұрмыс құрып, төрт баланы тәрбиелеп, 8 жыл мемлекеттік қызметте еңбек еткеніме қарамастан, екі апта жаттығып, әлем чемпионатында күміс медаль иелендім. Бұл – ардагерлер арасында болса да, мен үшін лайық жеңіс, – деп жазды Келбет Нұрғазина Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, Келбет Нұрғазина – дзюдодан 2006 жылғы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, самбодан жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионы, сондай-ақ ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

2004-2008 жылдары дзюдодан ұлттық құрама сапында 48 кг салмақта өнер көрсеткен спортшы Бейжің Олимпиадасында 9-орынға ие болған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл